17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Айсұлтан үкіметтің отставкісін кейінге шегерді

    Айсұлтан үкіметтің отставкісін кейінге шегерді.

    Бұл бір үлкен саяси ойын.

    Кландар соғысы өзара басталып кеткен сияқты.

    Айсұлтан біреулердің қолында қуыршақ болып отыруы әбден мүмкін. (Сол әуелеттің ішінде біреулердің)… Әйтпесе ауыс түйіске бір күн қалғанда, қолына телефон мен шегетін дозасын беріп, Дариғаның абыройын түсіру үшін жасалған қастандық. Англияда емін еркін жүргізіп қою, оны эфирге шығартып сөйлетіп қою бұл мықты күштердің ғана қолынан келеді….Бұл өз ішінде отбасында болып жатқан таққа талас! Дұшпан алыстан келмейді!
    Өмірде бұдан ауыр жаза жоқ шығар. Өз туған ауру балаңды өзіңе қарсы қою бұл ешқандай анаға оңай тимейді. Сынама емес сына, жазба емес жаз!
    Бірақ біреудің жеке басын қатты тілдеуді дұрыс емес деп ойламаймын.
    Айсұлтан “магия” деп айтып қалды. Ауырған баласын ана, аяққа тұрғызу үшін қайда жетелемейді? Қинап барып дем салғызып, байлап оқытқанда болу керек. Қазақтың салт дәстүрінен мақрұм бала оны қайдан түсінсін? Өмірдің қиындығын көрмеген, ақиқатты көргісі келетін балаға обал.
    Екі күннен бері халық жәй ғана көрермен ал билік театр әртістеріне айналды.
    Отбасылық құндылықтарға қол салмау керек, бәрін түсінемін. Бірақ алаңдап отырған халыққа да басу айтатын ешкімнің табылмағаны өкінішті. Дариғаның қасында жүрген шөпке тышар ел ағаларыда бір “әу” демеді….
    Жалтақтап қайсы жеңсе сол жаққа қарай, жалмаңдап, жағымпазданып иле салайын деп отырғандар!
    Дариғаны әйел ретінде түсініп тұрмын.
    Қазақтың еркектері оңайлықпен тақты беріп қоймайды! Осы жолды таңдаған соң, осындай ауыр соққылардың боларын білді.

    Ең бастысы таққа таласам деп, халық құрбандыққа шалынып кетпесін!

    Айгүл Орынбектің Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінеді?

    Фариза

    “Наконец-то”… коронавирусты көп күткен Бекшин, көп ұзамай қызметтен кетті

    Фариза

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    Пікір қалдыру

    8 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.