1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Тарих

    Құрт-құмырсқаны жеудің нәтижесінде Қытайда өлімге апаратын вирус пайда болды

    Қытайда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр. Қанша адамды кеселге шалдықтарған бұл аурудан соңғы мәліметтерге сәйкес 17 адам қаза тауып, 571 адам жұқтырып үлгерген. Адамнан адамға жұғуы тез болған бұл ауру түрі қазіргі таңда миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп тұр деп хабарлайды, Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Мамандардың анықтауы бойынша ауру базардағы құрт-құмырсқа, жәндіктерді жеудің нәтижесінде пайда болған.

    Қазіргі уақытта аталған ауруға байланысты Қытайдың Ухань және басқа да қалаларында ұшақ, пойыз жолдарын жауып тастаған. Қытайдың Хайнань, Цзилинь (Солтүстік Шығыс Қытай), Аньхой (Орталық Қытай), Чжэцзянь мен Цзяньси (Шығыс Қытай), Гуйчжоу (Оңтүстік Батыс Қытай) мен Нинься-Хуэй автономиялық ауданы (Солтүстік Батыс Қытай) провинцияларына тарап үлгерген.

    Сондай-ақ, короновирустың бұл түрі тек Қытай еліне ғана емес, сонымен қатар, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей, Америка Құрама Штаттарына да тарап үлгерген.

    Аурудың емін іздеген қытай мамандары бұл дерттің әлі емін таба қойған жоқ. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта 57% ауруды бәсеңдетудің бір жолы ішімдік екендігін айтты. Сондай-ақ Қытайдағы денсаулық сақтау орталығының мамандары жөтел немесе температура көтерілген кезде өздігінен дәрі қабылдамау керектігін ескертеді.

    қатысты посттар

    Атырауда жылықыны азаптап өлтірген қасапшылар жұртты шошытты (видео)

    Фариза

    Желтоқсан оқиғасындағы «Боран-1986» операциясы жайлы не білеміз?

    Тараздың тариxи орындарына саяxат жасауға жаңа мүмкіндік туды

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.