HOLA News журналистері Айсұлтан Назарбаевпен бейнеқоңырау арқылы тілдесіп, оның қазіргі жағдайы мен Facebook парақшасындағы жазбаларына туралы сұрады.
H.N: Сәлеметсіз бе? Сіз бүгін Facebook желісіндегі парақшаңызға бірнеше жазба жарияладыңыз, бұны жазған өзіңіз бе?
A.Н.: Иә, мен өзім жарияладым.
H.N: Сіз бұл жазбалар арқылы яғни, Елизавета патшайым мен атаңыз жайлы не айтқыңыз келді?
A.Н.: Мен не айтқым келді?… Менің жанымда байланысты бұғаттап жатыр.
H.N: Айтыңызшы сізге не болып жатыр? Сіз, Лондондасыз ба?
A.Н.: Иә, мен Лондондамын. Мен ауруханадан келдім. Атам да байланысуы керек. Бұл өте ұзақ әңгіме. Көп жылдардан бері Қазақстанды айналып жүр. Бұдан шығатын жол біреу-ақ.
H.N: Қандай?
A.Н.: Атам біледі.
H.N: Сіз атаңыздың сізбен байланысқанын күтіп жүрсіз? Ол сізге не айтуы керек?
А.Н.: Көп жылдан бері біздің отбасымызда көптеген жағдайлар болды және ол бүкіл мемлекетке әсерін тигізді.
HN: Сіз клиникаға емделуге келдіңіз бе?
А.Н.: Жоқ мен клиникаға жасырыну үшін келдім.
HN: Кімнен?
А.Н.: Мен сосын сіздерге барлық құжаттарды ұсынамын.
HN: Өзіңіз қалай ойлайсыз сізді неліктен қудалауда, сізден не қалайды?
А.Н.: Үнсіздік
HN: Сізден әлеуметтік желілерге жазбауыңызды талап ете ме?
А.Н.: Жоқ, менің бүгінгідей жазбаларды жазбауымды қалайды.
HN: Сіз бүгін түсініксіз дүние жаздыңыз?
А.Н.: Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді.
HN: Айсұлтан, сіз клиникаға жасырыну үшін келдіңіз. Сіз жалпы қайда тұрасыз?
А.Н.: Мен Лондонда тұрамын.
HN: Пәтерде ме?
А.Н.: Иә, пәтерде.
HN: Бұл сіздің жеке пәтеріңіз ғой?
А.Н.: Жоқ, бұл пәтерді маған анам жалдады.
HN: Сот сізге қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады. Сіз оларды орындап жүрсіз бе?
А.Н.: Маған қатысты дүниені мен сізге хабарласып, айтып беруге уәде беремін.
HN: Сонда сіз қазір Лондонда тұрасыз, клиникаға жасырыну үшін келдіңіз.
Осы жерден қоңырау үзіліп кетті.
- Бұдан бұрын, Айсұлтан Назарбаев Facebook парақшасында түсініксіз жазбалар жариялаған болатын. Бұл жазбаларға қарап жұрт оның аккаунты бұзылды деп ойлаған еді.