28.9 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Қазақ радиосы» мен «Астана ЛРТ» бірегей жобаны жүзеге асырды

    Елордадағы барлық автобус аялдамаларын Қазақ радиосының танымал дикторы хабарлайтын болады. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы — «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Танымал телетарлан, радио жүргізушісі Қымбат Досжан мен диктор Мұхамедәлі Болатұлы 900-ге жуық аудиороликтерді дыбыстаған. Бұл қаладағы шамамен 220-ға жуық автобус аялдамасы. Аялдамалар атауы екі тілде хабарланады, ал ірі аялдамаларда диктор алда келе жатқан «Қазақ радиосының» мерейтойы туралы құлаққағыс етеді. Осылайша, идея авторлары Ұлттың үнжырғасына айналған «Қазақ радиосының» атын жандандырғылары келеді. Еске сала кетсек, 2019 жылы қыркүйекте Алматы қаласындағы автобус аялдамаларының бірі «Қазақ радиосының» құрметіне аталды. «Қазақ радиосы» аялдамасы Желтоқсан көшесі, 175 үйде орналасқан атақты радио-телеарна ғимаратының жанында орналасқан. Атап өту керек, елдегі байырғы бұқаралық ақпарат құралдарының бірі — «Қазақ радиосы» 2021 жылы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. «Қазақ радиосы» Шалқар, Астана және Классик радиостанцияларын біріктіріп отырған «Қазақ радиолары» ЖШС құрамын кіреді.

    https://www.facebook.com/100005231801901/posts/1388815721302808/?d=n

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Қармақшыда оттегі баллондарын толтыратын станция іске қосылды

    Фариза

    Бостандыққа шыққан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.