-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Бір шикілік бар» — Алматыдағы изоляторда қаза тапқан жігіттің ағасы мәлімдеме жасады

    14 қаңтар күні Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болған Еркебұлан Нұрлыханов кенеттен көз жұмды. 20 жастағы жігіттің аяқ астынан бақиға аттанғаны туыстарының көкейіне күдік ұялатып отыр. Марқұмның туған ағасы Руслан Байжігітовтің айтуынша, Еркебұлан бүгінге дейін денсаулығына мүлде шағым жасамаған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталының дерегіне сүйеніп.

    15 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Еркебұлан Нұрлыхановтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

    Ведомство берген мәлімет бойынша, ол өкпе-жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болған. Ал марқұмның туысқандары бұған мүлде сене алар емес.

    «Інім Еркебұлан 2000 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. Алматыдағы колледждердің бірінде соңғы курста оқитын. Өзі ақкөңіл, жайдары жүретін бала, КВН ойнайды. Жазда жігіттермен төбелесіп қалыпты. Кейін қазан айында тергеуге алу туралы санкция беріліп, екі айдан бері изоляторда отырды. Төбелес кезінде қаза тауып, жапа шеккендер жоқ. Ол 14 қаңтар күні бостандыққа шығуы керек болатын. Бірақ ініме өз аяғымен шығу бұйырмапты. Бізге оның қазасын естіртті. Жүрек жетіспеушілігінен көз жұмды дейді. Бұған сене алмаймыз. Өйткені, осы уақытқа дейін інім денсаулығына бірде-бір рет шағым айтқан емес. Дені сау жігіт. Тіпті, изоляторда отырғанда да үнемі алдымыздан күліп шығатын. Қайтыс боларынан 3-4 күн бұрын әкем соғып кетті. Сол кезде жақында бостандыққа шығатынын айтып, тамағы тоқ екенін жеткізген. Алаңдамауды сұраған. Мұндай қаралы хабарды естіп, әлі ес жия алар емеспіз. Бір шикілік бар сияқты. Денесіне сараптама жасалды, бірақ, оның қорытындысы әзір дайын болмайды. Осы орайда, тергеудің әділ өтуін сұраймыз. Бауырымның бұлай көз жұмғаны көп күмән қалдырып отыр», — дейді Руслан.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда тұтқынға алынған 20 жастағы жігіттің тергеу изоляторында кенеттен көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.

    қатысты посттар

    «Жала жауып отыр»: Өгей анадан қорлық көрді деген үш қыз ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

    Дариға Назарбаева Қытай елшісімен кездесуде этникалық қазақтар проблемасын көтерді

    «Мәйіт табылды» Алматыда өрт шыққан жиһаз жасайтын цехтан әйел адамның мәйіті табылды (фото, видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.