5 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Басы дауға қалған Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Болат Бақауовтың ұсталғанын жоққа шығарып, оның қайда екенін айтты.

    Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы өңірдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегіне сүйеніп.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір басшысы Болат Бақауов жұмыс орнында жоқ екенін, бірақ ол қалада екенін атап өтті.

    «Таңертең ол инвесторлар үйінде кеңес өткізуі қажет болған. Бірақ жұмыс кестесінің өзгеруіне байланысты кездесуді әкімнің орынбасары Арыстан Қабікенов өткізді», — дейді әкімдіктегілер.Осыған дейін баспасөз қызметі Болат Бақауовтың қатысуымен өтетін екі алқа отырысының өтпейтінін хабарлады.

    WhatsApp-та тараған ақпарат

    Кеше WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Аудиода әкімнің 15 қаңтар күні ұсталғаны айтылған.

    Кейін Павлодар облысы әкімдігі Facebook-тегі парақшасында бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

    «БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз», — делінген хабарламада.

    Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

    қатысты посттар

    Министрлер сұрақтан неге қашады? Әлде, оларға сценариден тыс сұрақ қоюға болмай ма?

    Фариза

    «Тағы да қауіптілік аймағына тап болды» Назарбаев: Егер үшінші дүниежүзілік соғыс болса…

    Фариза

    «Қосановты дебатқа шақырамын…» — Тұрғымбай (видео)

    Пікір қалдыру

    11 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.