-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    «Заңдастырылған жезөкшелік, гомосексуализм…» — Иран жайлы таңқаларлық фактілер

    Иран халқы бүгінде 82 миллионды құрайды, астанасы Тегеран қаласы. Назарларыңызға Иран жайлы таңқаларлық фактілер ұсынамыз.

    Заңдастырылған жезөкшелік

    Көптеген моральдық тыйымдар бола тұра, Иранда бірнеше мыңдаған жезөкшелер бар. Бұл елдің жезөкшелері шииттерде рұқсат етілген уақытша неке «сигэ» арқылы қызмет көрсетеді. (Сигэ – қанағаттандыру мақсатында қолданылатын неке немесе уақытша неке – ред.)

    Еврейлерге арналған квота

    Бүгінде Израиль елі Иранның ең басты жауларының бірі болып саналады. Иран билігі, тіпті, Израиль халқын жер бетінен жоқ қыламыз деп қорқытып жатады. Алайда, бұл елде 10мың адамнан тұратын ислам әлеміндегі ең үлкен еврей қоғамы өмір сүреді және оларға да басқа ұлттарға секілді Иран парламенті квота тағайындаған.

    Моральдық полиция

    Иран көшелерінде адамдардың сыртқы келбеті мен олардың тәртібін бақылайтын моральдық полиция өкілдері жүреді. Олардың басты міндеті – әйелдердің ислам заңына сәйкес киінуі мен ер адамдардың шаш үлгісін бақылау.

    Жыныс ауыстыруға рұқсат етілген

    Иранда гомосексуалдарға өлім жазасы қарастырылған. Дегенгмен, ара-тұра жынысын ауыстыру үшін жасалатын отаға мемлекеттік бюджеттен ақша төленеді. Аятолла Хомейнидің айтуынша, исламда мұндай әрекет арқылы адамның нақты жынысын анықтап беруге болады екен. Кейбір деректерге сәйкес, тек Иран жыныс ауыстыру үшін жасалатын ота бойынша Тайландтан кейін екінші орында тұр.

    Шииттер державасы

    Әлемдегі мұсылмандардың 80 пайызы сүнниттер қатарына енетін болса, Иран халқының басым көпшілігі исламның шииттер тармағына енеді. Оның басты айырмашылығы – шииттер қоғамында дінбасылардың ролі өте зор болып келеді. Иран – шииттер әлемінің көшбасшысы және ол Сирия, Ливан, Бахрейн, Йемен және Ирактағы шииттерге де қолдау көрсетіп отыр. Шииттік Иран мен сүнниттік бағыттағы араб монархиялараның арасындағы текетірес Таяу Шығыстағы негізгі қақтыығыс болып табылады.

    Теократиялық демократия

    Иран – ислам мемлекеті. Мұндағы құқықтық жүйе шариғат заңына негізделген. Билік негізінен дінбасылардың қолында, дәл солар жоғарғы басшы – рахбарды сайлайды. Алайда, Иранда тирания жоқ. Бұл елде сайлау ашық түрде өтіп, көппартиялық жүйе мен парламент жұмыс жасайды.

    Мыңжылдық цивилизация

    Иран – өзінің тілі мен мәдениеті қалыптасқан, тарихы тереңнен бастау алатын ел. Бүгінде оларды арабтармен көп шатастырады. Бұл елдің тарихы 2500 жыл бұрын грек полистерімен соғысқан Парсы империясынан басталады.

    Мұнай гиганты

    Иранға бүкіләлемдік мұнай қорының, шамамен, 10 пайызы – 21 млрд тонна әкелінеді. Мұнай, газ және мұнай өнімдерінің экспорты жылына $60 млрд пайда алып келеді. Ол бюджеттің 30%-ын құрайды.

    Фото: tbp-portal.thebaghdadpost.com

    қатысты посттар

    «Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?»

    Фариза

    Жүректі жылытқан тұрғындар: Ақмола облысында бір ауыл жетімдерді асырап алған

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.