-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Құрметке лайық «Қара майордың» ерлігі дәріптелді

    Алматы қаласының әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен оқушылары интернационалист-жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жас тұрғындар аты аңызға айналған Қазақстан Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтің ерлігін еске алды.
    Шараға 100-ден астам балалар, Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, әскери оқытушылар мен ата-аналар қатысты.
    «Ерлік сабақтарының бірінде осындай іс-шараны өткізу идеясын әскери қызметшіге ұсындық. Мен үшін Борис Төкенұлы — аңыз адам. Оның қызметі, солдаттарға деген қамқорлығы туралы оқыған кезде, көзіме еріксізден жас келді,» — дейді №95 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Кемар Ясмин.
    Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қатысушылар «Қара майордың» жеке заттары қойылған офицерлер үйіндегі әскери-тарихи мұражайға барды.
    Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Прудки кентінде дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Германияда мотоатқыштар взводының командирі ретінде бастады.
    1973 жылы барлау ротасының командирі болып тағайындалды, екі жылдан кейін Ортаазиялық әскери округінің бөлімше командирі болып тағайындалды.
    1980 жылы ОАӘО 22-ші бригадасының базасында арнайы мақсаттағы 177-ші жеке отряды құрылды, оның командирі Борис Керимбаев болып сайланды.
    177-ші отрядтың жауынгерлік қызметі Ауғанстанда барлау іздестіру жұмыстарын және операцияларды жүргізу болып табылады.
    Жасақтың сәтті әрекеттерінің нәтижесі ретінде Панджшер ауданындағы Ахмад шахтың келісімге келу шешімі болып танылды. Ол ұрыс қимылдарын тоқтып, Кеңес әскерлерін шатқалдан шығаруды талап етті.
    Сол соғыста қызметтестері «әке» деп атаған Керімбаев басқарған жасақта адам шығыны аз болғанымен есте қалған. Естеріңізге сала кетейік, «Қара майор» 2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан көз жұмды.

    қатысты посттар

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Фариза

    БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырады

    Фариза

    Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.