13 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берілді

    Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде болып, оқытушылармен, студенттермен кездесті. Басқосу барысында Мәжілісте жаңадан мақұлданған заңдар мен көптеген заңнамалық актілерге қатысты толыққанды түсінік берді.
    Кездесуде Нұрлан Нығматуллин Елбасының ел алдындағы ерен еңбегін де ерекше атап өтті.
    – Шығыс Қазақстан еліміздің қуатты өңірлерінің бірі. Мұнда инвестиция молынан құйылуда, құрылыс қарқын алып, жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Жақында ғана облыс әкімін қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта атқарылған жұмыстарға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Әсіресе, облыс басшысының облыстың ғылымы мен білім беру саласын дамытудағы және өңір медицинасын бұрын-соңды болмаған жаңа деңгейге көтерудегі еселі еңбегі ерекше аталып өтілді. Цифрландыру қарқын алып, облыс заман талабының сұранысына сай дамып келеді. Болашақ білімді жастардың қолында, – деді Нұрлан Нығматулин.
    Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы биыл Ұлы ақын
    Абайдың 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде тойланатынын атап өтті. Осы мақсатта 500-ден астам іс-шара өтеді. Сондай-ақ ол Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылғандарға жете тоқталды. Бұдан бөлек жиында «Педагог мәртебесі туралы» заң да жан-жақты талқыланды. Басқосуда Нұрлан Нығматулин қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар ерікті жастармен кездесіп, пікір алмасты.
    – Биыл Қазақстан волонтерлар жылы. Ел жастарына өз әлеуеттерін толықтай танытуға зор мүмкіндік бар, – деді Мәжіліс төрағасы.

    қатысты посттар

    Сарысуда азық-түлік қоры жеткілікті

    Фариза

    ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы Таразға келді

    Пікір қалдыру

    three + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.