-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында көпбалалы аналармен кездесті

    ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жұмыс барысымен Өскемендегі еңбекпен қамту орталығында болып, көпбалалы аналармен және орталық қызметкерлерімен кездесті.
    Басқосуда ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы орталыққа келушілердің әлеуметтік жағдайын сұрады. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түріне байланысты құжатттарды рәсімдеу барысымен, мекемедегі қызмет көрсету сапасымен және басқа да өзекті мәселелермен танысты. Бұдан соң Мәжіліс спикері биылдан бастап көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы жаңа формада тағайындалатынын тағы бір мәрте атап өтті.
    – Көпбалалы аналарға тиесілі мемлекеттік жәрдемақы енді бала санына қарай 42 мың 500 теңгеден 74 мың теңге аралығын қамтиды. Атап өтерлігі, бұл жәрдемақыны төлеуде отбасының кірісі есепке алынбайды. Жалпы атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің міндетті шарты – еңбекке орналастыру, – деді Нұрлан Нығматуллин.
    Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек» бағдарламасы бойынша тегін білім алуға болады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджет есебінен тиісті қаражат бөлінген. Мәселен өткен жылдың 11 айы ішінде еліміз бойынша 12 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, олар жеке кәсіптерін ашқан. Сондай-ақ, 120 мың ауыл азаматы өздерінің жеке шаруашылықтарының жұмысын ширатып, жолға қойған.
    Басқосуда Нұрлан Нығматуллин өскемендік аналардан бұл мекеменің қызметіне көңілдері қаншалықты толатынын және атаулы әлеуметтік көмекті жаңа форматта рәсімдеу барысында қандай қиындықтар туындайтынын сұрады. Ал тұрғындар болса, мекеме мамандарының қызметіне оң бағаларын берді. Он екі баланың анасы Евгения Черкашина өз жанұясы жөнінде тарқата айтып, балаларын жастайынан еңбекке, масылдықтан аулақ болуға баулып келетінін жеткізді. Келесі көпбалалы ана Шынар Жәберова өзіне атаулы әлеуметтік жұмыс істеп жүргенін айтты.
    Мекеме жұмысымен танысып, халықпен емін-еркін сұхбаттасқан Мәжіліс төрағасы орталық жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин биыл бұл мекеменің бұдан бірнеше есе үлкен ғимаратқа көшірілетінін, онда келушілердің қолайлығы үшін барлық жағдай жасалатынын да атап өтті.

    қатысты посттар

    Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

    Фариза

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.