-1.3 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Иранда автобус аударылып, 19 адам қаза тапты

    Иранда жолаушыларға лық толы автобус аударылды

    Оқыс оқиға кеше Масендеран провинциясында орын алған. Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы 24-і жарақаттанған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Көлік Тегеран қаласынан Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Гомбеде-Кавус қаласына бет алған екен. Автобус кенеттен аударылып, сайға түсіп кеткен. Mehr агенттігі провинциядағы жедел жәрдем баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат кезінде жарақаттанғандар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, жақында Иран астанасы Тегеран әуежайының маңында украиналық ұшақ құлап, салдарынан бортта болған 167 жолаушы және 9 экипаж мүшелері қаза болған еді.

    қатысты посттар

    Сәуір айында қыс қайта оралды: Қостанайда қалың қар жауып, боран соқты

    Фариза

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Солтүстік Қазақстан облысында 2 жасар сәбидің өлі денесі табылды

    Пікір қалдыру

    one + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.