Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Мыңдаған адамның өмірін жалмаған Boeing 737-нің 30 қалдығын Қазақстан қандай мақсатта сатып алмақ?

    Қазіргі таңда әуе апатынан зардап шегіп, қанша адамның ұшақтан жүрегі шайылып қалғаны белгілі. Себебі, бүгінгі күні ұшақ апатының орын алып, қанша жанның жақынынан айырылып, қан жұтқанын да көп еститін болдық. Әлемдегі ең ірі орын алған әуе апаттары, тіпті еліміздің  өзінде болған Скат және күні кешегі Бек эйр ұшақтарының әсерінен болған қайғылы жағдай халықтың жадынан әлі күнге кете қойған жоқ. Біздің  атап отырған осы  ұшақтардың көпшілігі Boeing 737 маркасына тиесілі екен. Ең қызығы, қанша адамға азап шектіріп, қанша жанды жақынынан айырсы да Boeing 737 маркасының FlyArystan компаниясы жақында білдей 30 ұшағын сатып алмақ. Шет елдің ақпарат көздеріне сүйенсек жолаушылар үшін Boeing 737 маркасы ең қауіпті ұшақтардың тізіміне енген. Сондай-ақ бұл маркадағы ұшақтар ең төменгі бағада қызмет етеді. Арзан болғандықтан да, тұтынушылары азаймай тұрғаны белгілі. Дегенмен, сертификаты жоқ, мұндай қалдықты біздің елге әкелудің қажеті қанша, жоқ, әлде, биліктің діттегені онсызда қайғыдан құса болған халықтың, өлімін көбейту ме? Өзге елде мыңдаған адамның өмірін қиған марканың біздің де елімізге келіп апатқа ұшырамасына кім кепіл?

    Ендеше, Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Boeing 737 маркалы ұшақтардың әсерінен орын алған апаттарды назарларыңызға ұсынады.

    Tatarstan Airlines компаниясының қарамағындағы Boeing 737 («Боинг») ұшағы 2013 жылдың қарашаның 17-сі күні Қазан әуежайына қона алмай, апатқа ұшыраған. Ұшақ ішіндегі адамдардың барлығы қаза тапқан болатын. Ұшақта 50 адам болған.

    Тергеушілердің айтуынша, ұшақ бір демнен қона алмай, екінші рет айнала бергенде қанаты жерді жанап кетіп, құлаған. Тергеу мамандары «ұшқыш қателігі», «техникалық ақау» сияқты апат себептерін айтқан болатын.

    https://www.youtube.com/watch?v=FOCryB4JFeY

    Эфиопиядағы әуе апатынан 157 адам мерт болған. Қайғылы оқиға 2019 жылы наурыздың 10-ы болды. Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing-737 МАХ 8 ұшағы Аддис-Абеба қаласынан ұшып шыққан соң 6 минуттан кейін құлаған. Оның зауыттан шыққанына небәрі бірнеше ай ғана болған. Су жаңа әуе көлігінің бортында барлығы 30-дан астам ұлттың өкілі, дәлірек айтқанда, 149 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған

    https://www.youtube.com/watch?v=R9rERVgI5zA

    2018 жылдың 31 қазан күні Индонезиялық Lion Air компаниясының Boeing 737 ұшағы Джакартадан Панкалпинанг қаласына ұшатын. Ол әуеге көтерілген соң 13 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен ұшақ Суматра және Батыс Ява аралдарының арасындағы Ява теңізіне құлаған. Бортта болған 189 адам түгел қаза тапқан.

    https://www.youtube.com/watch?v=3zP-u_cQ6hY

    2016 жылдың 19 наурызында Дубайдың FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы Ресейдің Дондағы Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақтағы адамдардың барлығы – 55 жолаушы және 7 экипаж мүшесі мерт болған.

    https://www.youtube.com/watch?v=j8eZoLKrPaI

    2013 жылы 29 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Алматы әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясың Bombardier CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Нәтижесінде бес экипаж мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты. Оның біреуі — бала.

    Күні кеше  Тегеран әуежайы маңында Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. IRNA агенттігінің жазуынша, ұшақта 167 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Ұшақтың «техникалық мәселелерге» байланысты құлағаны айтылады.

    https://www.youtube.com/watch?v=-l_LV3cLKGY

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    «Мен қытайлықпын…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    «Табыс көлемі азайды…» — Тоқаев елдегі проблемаларды атады

    Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.