-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа Оқиға

    «Бізді қоя беріңіз» — Атырауда мұз сынып, суға батқан балаларды құтқару сәті (видео)

    Атырауда төрт бала ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен. Оларды құтқаруға полицейлер келіпті. Балаларды судан шығарып жатқан сәт тәртіп сақшыларының бірінің видеожетонына түсіп қалған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Бұл туралы облыстың ПД мәлімдеді.

    Оқыс оқиға жайлы зардап шеккен 11 жасар баланың анасы Құралай Мусина айтып берді. Сөзінше 4 қаңтар күні кәмелетке толмаған төрт бала ойнап, қатып тұрған Жайық өзенінің бетіне кетіп қалыпты. Олардың салмағын көтере алмаған мұз сынып, төртеуі де суға түсіп кетеді.

    Сол маңда болған тағы бір жеткіншек достарының өзенге түсіп кеткенін полицейлерге хабарлап үлгерген. Хабар келіп түсе салып, капитан Қуандық Сүйіндіков пен лейтенант Тимур Балмағанбетов дереу балаларды құтқаруға аттанапты. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 2004 жылғы және 2005 жылғы балаларды сыртқа шығарып алыпты.

    ПД жариялаған бейнежазбада полицейлердің балалардың даусын естіп, оларға жүгіріп бара жатқаны байқалады. Суда біраз уақыт қалып қойған жеткіншектердің денесі үсіп, аяқ-қолдары суықтап, қозғалмай қалыпты. Біреуі жағдайдың қауіптілігін түсініп қана қоймай, полицейлерді өздерін тастай салуын сұраған.

    «Аға, мына жер сынып кетуі мүмкін. Бізді қоя беріңіз. Анашым, сізді жақсы көремін», – дейді бозбала.

    Өкінішке орай, полицейлер тек үш баланың өмірін сақтап қалыпты. 2004 жылғы төртінші баланың денесі суға батып кеткен.

    Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті. Батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

    Фариза

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Кәсіп түбі — нәсіп!

    Пікір қалдыру

    9 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.