-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Көк-Төбедегі аттракционның жібі үзіліп, бір бала ұшып кеткен

    Желіде алматылық Көк-Төбеде орын алған оқыс оқиға жайлы ақпарат пайда болды. Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен хабарламаларда төтенше жағдай аттракциондардың бірінде болғаны жазылған. Қызу талқыланып жатқан жазбаларға сәйкес, аталмыш оқиғадан бір бала зардап шеккен деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі NUR.KZ порталының дерегіне сүйеніп.

    Төтенше жағдайға қатысты ақпаратты Facebook желісінде ғана емес, Тelegram-каналдарға да тарата бастаған.

    Jexennews арнасының хабарлауынша, төтенше жағдай алматылықтар арасында «Рогатка» атауымен аса танымал аттракционда орын алған.

    Хабарламада бала аттракционда отырған сәтте жіп үзіліп, нәтижесінде жасөсспірім әткеншектен ұшып кеткені жазылған.

    Анықталғандай, оқыс оқиғада зардап шеккен баланың аяқ-қолы сынған. Төтенше жағдайдан кейін оны жедел түрде ауруханаға жеткізген. Оқиға жайлы оған куә болған адамдар айтып берді.

    Айта кетейік, бұған дейін Көк-Төбе бөктерінің өрттен кейінгі кейпі қандай екенін көрсеткен болатынбыз.

    Өткен жылдың 11 тамызында Алматыдағы тау бөктерінен өрт шығып, Көк-Төбе түтінге оранған болатын. Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 қызметкері және өрт сөндіру техникасының 6 бірлігі, «Алматы тазалық» екі жұмысшысы және екі көлігі іске қосылған.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    қатысты посттар

    Алакөлде жағалау опырылып, 17 жастағы қыз қаза тапты

    Фариза

    «Зектер» қимай шығарып салды, абыройлы болдым». Бірнеше жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты

    Фариза

    Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізушінің әрекетінен екі полиция қызметкері қаза тапты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.