Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

    Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    23 жастағы Темірлан Қадауовқа 2 қаңтарда медаль берілді. Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін тақты.

    «Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл — халықтың атынан айтылған алғыс», — деді полицияда.

    қатысты посттар

    Атбасарда мас ер адам сегіз жасар қызды шөп арасына сүйреп, зорламақ болған

    Бір топ белсенді ұсталған жастарды қолдау үшін Алматы сотының алдына жиналды

    Bek Air басшылығы ұшақ соғылған үй иесінің мойнына 12 адамның өлімін артпақшы

    Пікір қалдыру

    eight + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.