-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Менен гөрі Димаш пен Ләйлімшырақ лайық»: Ринат Зайытов «Жыл адамы» болғаны туралы

    Күні кеше Stan.kz редакциясы 2019 жылы есімі ең көп аталған азаматтарды саралап, арасынан Ринат Зайытовты «Жыл адамы» деген атқа лайық көрген-ді. Алайда айтыскер ақын бұған өзінен гөрі басқа азаматтардың лайығырақ екенін бөлісті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    «Жаңа ғана құлағыма «Жыл адамы» болдың деген жайсыз хабар жетті. Ұят болып тұр. Себебін түсіндірейін. Биыл менің екі тілегім болды: 1. Керең биліктің құлағына жылаған жұртымның зарын жеткізу. Олар мені естігісі келмеді ме, естімеді ме құдай біледі. Әйтеуір «баяғы жартас». 2. Бар әлемге қазақтың азат, еркін ойланатын жастары бар екенін көрсету. Енді саралайық. Мен осы екеуінің қайсысына жете алдым? Қазақы сенгіштігімнің кесірінен, билікке елді тыңдайтын біреу келсінші деген соқыр үмітпен, Халықтың алдындағы азғантай абыройымды апардым да, бір қорқақ алаяқтың өз дегеніне жету жолына құрбан еттім. Жә, ол нүктесі қойылмаған әңгіме. Бұйырса…” – деді айтыскер ақын.

    Әрі қарай Ринат Зайытов бұл орынға кімдердің лайығырақ екенін жіпке тізді.

    «Партия құрайын деген ой болып еді, Отаным деп жүргендердің 90%-ның ойы билікке жетсе болды. Бетпе-бет әңгімелессеңіздер түсінесіздер. Оны да уақыт көрсетер. Әзірге мен өзімді жыл адамы санамаймын. Сондықтан орайы келсе жыл адамы деп Жаңа президенттің өзіне өзінің дауысын Абайдың тілімен жеткізген Ләйлімшырақ, не болмаса барлық қара қытайға Қазақтың асаулығын танытқан жеті батыр бауырым (Қызылағаш пен Зайсандағы). Немесе бар әлемді Қазақтың домбырасымен тағы бір таныстырған Димаш Құдайберген. Осылардың біреуін атаңыздар. Бәрін атасақ та артық емес. Ал біздің уақыт келе жатқан жыл деп сенемін! Жаңа жыл тойлайтындарға құтты болсын!» — деді ол.

    қатысты посттар

    Таразда түркі әлемінің әуені шырқалды (фото)

    «Шықпа!» деді ме шықпайық» Өнер жұлдыздары дәрігерлер мен полицейлерге құрмет көрсетуге шақырды

    Фариза

    «Ішіме жын кірген дейді…» — марқұм Хамитованың досына жазған соңғы хаты

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.