-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қамауда отырған белсенді Ағаділ «шеге мен болт жұтқан»

    Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторынан босап шыққандардың сөзінше, қамауда отырған белсенді Дулат Ағаділ «тағы да ұсталғанына қарсылық білдіріп шеге жұтқан». Ағаділ 16 желтоқсан күні 15 тәулікке қамалған еді. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Рұқсат етілмеген акцияға қатысты деп айыпталып, 10 тәулікке қамалған белсенді Гүлмира Халықованың сөзінше, оған көрші камерада отырған Ағаділ шеге мен болт жұтатынын айтқан.

    «Біздің камералар қатарлас болды. Мен одан таныстары мен туыстарына айтарың бар ма деп сұрадым» дейді Халықова.

    Оның айтуынша, Дулат Ағаділ адвокаты Данияр Ақтановтан 23 желтоқсанға белгіленген қылмыстық істі кейінгі қалдырып, тағы да ұсталғанына қарсылық білдіру мақсатында шеге мен болт жұтқанын әлеуметтік желі арқылы хабарлауын сұраған.

    Гүлмира Халықова мекеме ішінде айқай-шудан кейін дәрігерлер бригадасы келгенін айтады. Жедел жердемнің анықтама қызметі «Дулат Ағаділ Шәкірұлына шақырту түскенін» растады. Шақырту қоңырауы 18 желтоқсан 23.46-да түскен.

    Азаттық қамаудағы белсендінің денсаулығы жайлы ақпарат алу үшін уақытша ұстау изоляторына барған, алайда қызметкерлер қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі де комментарий бермеді.

    Дулат Ағаділ «бейбіт шерулер өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзды» деп айыпталып, 15 тәулікке қамалған. Сот үкіміне сәйкес, белсенді 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда билік заңсыз деп таныған митингіге қатысқан. Осы күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда бейбіт шеруге қатысқан ондаған адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылған.

    42 жастағы белсенді қарашаның ортасында әкімшілік қамауда отырған Целиноград аудандық тергеу изоляторынан қашып кеткен еді. Кейін ол әрекетінің себебін «заңсыз қудалауға қарсылығым» деп түсіндірген. Полиция екі күн бойы іздеген белсенді 15 қарашада өзі бас прокуратура алдына келген. Кейін ол «сот қаулысын орындамағаны үшін» тағы 6 тәулікке сотталған еді.

    Дулат Ағаділ – әлеуметтік проблемалар және азаматтық құқықты сақтау мәселесін көтеріп жүрген белсенді. Биыл тамыз айынан бері бірнеше әкімшілік жазаға тартылып, кем дегенде 60 тәулік қамауда отырған. Ағаділ барлық айыптауды жоққа шығарады.

    қатысты посттар

    «Өз тәнін сату үшін барған деген өсек шығып жатыр» Аяжан Еділованың адвокаты тергеу барысы туралы сұхбат берді

    Фариза

    «Ұлды болсам бүкіл ауылға той жасаймын»: блок-бекетте қаза тапқан полицейдің арманы

    Фариза

    Астананың атауы ресми түрде Нұрсұлтан болып өзгерді

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.