-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Кассалық аппартты сатып алуға жұмсалатын шығынды мемлекет өтейді

    Бүгінде елімізде жеке кәсіпкерлер салықтарын белгіленген салықтық режім бойынша төлейді. Егер қысқартылған режім болса, жарты жылда бір рет. Бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша 1 шілде 15 тамызға дейін, екінші жарты жылдық қорытындылары бойынша 1 қаңтардан бастап 15 ақпанға дейін. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, жеке кәсіпкер табысы 2400 АЕК-тен аспаса өз қызметін бұрынғы режімде жалғастыра беруіне болады, — деп хабарлайды «Қазақ радиоларының» Жаңалықтар қызметі. 2020 жыл есебі бойынша бұл 6 млн. 362 мың. 400 тгамасында. Егер кіріс көлемі осы сомадан көп болса онда салықтық режімді өзгертуі қажет немесе ЖШС көшуі керек.

    Егер кіріс 2 млн. 966 мың. теңгеден аспаса онда зейнетақы аударымдары, табыс салығы, медициналық сақтандыру кіріктірілген бірыңғай жиынтық төлем, яғни БЖТ жеткілікті.  Атап өтерлігі, БЖТ бойынша салықты жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтар төлей алады. Олар тек жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетуіне болады.

    Салық бойынша есеп беру Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында салық төлеушініңжеке кабинеті арқылы жүргізіледі. 2020 жылдан бастап патент бойынша, сондай-ақ қысқартылған салықтық декларация режімімен жұмыс істейтін кәсіпкерлерде онлайн кассалық-бақылаумашинаның болуы міндеттеледі. Қазіргі таңда  мәліметтерді онлайн фиксация жасайтын кассалық-бақылау машиналарының түр-түрі бар. Бағалары 30 мың мен 60 мың теңге аралығында. Сонымен қатар мобильдік нұсқасы да қолжетімді. Реестрде тіркелгендіктен бұл аппаратар онлайнкассалық-бақылау машиналарына жатады. Оларды жүктеу тегін. Бірінші және екінші жағдайда да деректерді жіберу үшін байланыс қызметінің төлемі ай сайын 1500 теңге.

    Тағы бір жағымды жаңалық. Егер кәсіпкер жыл соңына дейін кассалық-бақылау машинаны сатып алатын болса, мемлекет аппаратты сатып алуға жұмсалатын шығынды толық өтеп береді. Бұл қалай жүзеге асырылады? Кәсіпкер 2020 жылы салықтық есеп беру кезінде жеке табыс салығының сомасын аз төлейді. Мәселен, егер оның салығы 120 мың теңге және одан жоғары болса, салықтың 60 мың теңгесін ғана төлейді. Қалған сомаға кассалық-бақылау машинасын мемлекет есебінен сатып ала алады. Ал егер ЖТС 120 мың теңгеден аз болса, мысалы 100 мың теңге, онда салығының 50 пайызын ғана өтейді, 50 мың теңге.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің атап өтуінше, онлайн кассалық-бақылау кассалық машиналарға көшу – көлеңкелі экономикамен күресудің бір әдісі. Кәсіпкерлер кірістерін ашық көрстеу үшін аталған жүйе 2020 жылдан бастап енгізілмек. Бұл дегеніңіз бұдан былай тексерістер азаяды, барлығы қашықтықтан бақыланады дегенді білдіреді.

    қатысты посттар

    2022 жылы Алматыда қоғамдық көлік ақысы көтерілуі мүмкін

    Фариза

    Қызылорда: Қазалы ауданында 8000-нан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көреді

    Фариза

    Сарапшылар жұмыртқа бағасы 700теңгеге дейін өсуі мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.