-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    4 бала тірідей өртенді: арақтың кесірінен бір отбасы түгел ажал құшты

    Ресейдің Алтай аймағында өрттен алты адам қайтыс болды – олардың ішінде он, жеті және екі жастағы үш бала, сонымен қатар бір жасқа толмаған сәби де болған,– деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

    Төрт бала мен 32 және 35 жастағы екі ересек адамның мәйіті жеке тұрғынүйден табылды. Облыстық ТЖМ мәліметінше, өрт пеш жағудың ережесін сақтамау салдарынан болған. Марқұмдардың көршілері ерлі-зайыптының жиі ішетінін айтады. Тергеушілер Алтай аймағының алты тұрғынының өрттен қаза болуына қатысты іс қозғады.

    Облыстық ТЖМ хабарлағандай, өрт 13 желтоқсанда таңертең Завьяловка ауданының Глубокое ауылындағы жеке үйде болған. Қайғылы оқиғаға бірінші болып ерікті өрт сөндіру тобы келген.

    Ведомствоның хабарлауынша, өртті сөндіруге бір жарым сағат уақыт кетті. Өртті сөндіруге барлығы 28 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

    Естеріңізде болса, осыған ұқсас қайғылы оқиға Қазақстанда да тіркеліп, тұтас елді дүр сілкіндірген еді. Ақпан айының 4-не қараған түні елорданың Көктал-1 шағынауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, кәмелетке толмаған бес қыз бала шетінеп кетті.

    https://youtu.be/kImoZomq5Zs

    қатысты посттар

    Ұры 10 жастағы мектеп оқушысын пышақтап кетті

    Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел түрмеде босанды

    «Ринат өз үйінде болған…» — ІІМ мәлімдемесі

    Пікір қалдыру

    seven − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.