Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жаңа жұмыс орындарын ашуда қай облыс белсенді?!

    Елімізде өткен 11 айда 400 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Аталған мерзімде 261 мың тұрғын тұрақты, ал 139 мыңы уақытша жұмыспен қамтылған, — деп хабарлайды «Қазақ радиоларының» Жаңалықтар қызметі. Ауылдарда 173 мың, қалаларда 227 мың адам еңбекке тартылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметтеріне қарағанда, ең көп жұмыс орындары көтерме-бөлшек сауда саласында ашылған — 42 мың, құрылыста — 41 мың, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында — 37 мыңға жуық.  

    Жұмыс орындары 11 айда әсіресе  Алматы (45,9 мың) және Қарағанды (32,4 мың) облыстары мен Алматы қаласында (44,3 мың) көптеп құрылған. Ең аз жұмыс орны  Батыс Қазақстан (11,7 мың), Солтүстік Қазақстан (13 мың)  және Қостанай (15, 8 мың) облыстарына тиесілі.

    Айта кету керек,  ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу әкімдердің жұмыс нәтижесінің тікелей көрсеткіші екенін айтқан болатын.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 81633 АДАМ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ АЛДЫ

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жолдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.