-12.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-да Жарма ауданында өндіріс көлемі артты

    Жарма ауданындағы табыс көлемінің 72,4 пайызы өнеркәсіп өндірісіне тиесілі. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлім етті.
    – Өңдеу өнеркәсібі саласында тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтердің көлемі 15,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 642 млн. теңгеге немесе 4,3%-ға өсті, — деді аудан басшысы.
    Биыл тау-кен өнеркәсібі саласынан 168,2 млрд. теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге көп. Ахметқали Нұрғожиннің айтуынша, ағымдағы жылы ауданда 1 171,4 мың тонна – әктас және гипс («Асар Инвест»), 371,4 мың тонна – қиыршық және ұсақ тас («АС Инком»), 16,9 мың тонна — саз балшық және каолин («Семей жолдары»), 2 242,1 мың тонна құрамында алтын бар кендер («БГП») өндірілді.
    – «Казахцемент» ЖШС-да 150,1 мың тонна клинкер мен 175,8 мың тонна цемент шығарылды. Ал «АС Горняк», «Васильевское» ЖШС-де 335 келі алтын мен 28 келі күміс өндірілді. Сондай-ақ сорғы жабдықтау зауытының жұмысшылары 115 дана тепкіш насостар жасап шығарды, — деді Ахметқали Нұрғожин.

    қатысты посттар

    Қызылордада 896 медицина қызметкері үстемақы алды

    Фариза

    Жамбыл облысындағы шағын ғана стансаға газ тартылды

    Фариза

    Жамбыл облысында 16 шақырымдық айналма жол пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.