4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес» — Досым Сәтпаев

    «Әлемнің көптеген елдерінде президент деген – шектеулі мерзімді және әділ, бәсекелі сайлау арқылы келетін жай ғана жоғары мемлекеттік лауазым. Қанша артықшылығы болса да, бұл – қызметтің бір түрі ғана», деп жазып қойды желідегі парақшасында саясаттанушы Досым Сәтпаев.

    Оның сөзінше, 1991-ші жылдан бері АҚШ пен Францияда 5 президент ауысты, Ұлыбританияда 6 премьер-министр ауысты. Тіпті Қытайдың өзінде бірнеше КХР төрағасы ауысты.

    – Ал бізде бұл лауазымды ежелгі фараондар сияқты бір киелі бір нәрсеге айналдырып жіберді. Нәтижесінде көзі әлі тірі бір адамға арналған мемлекеттік мереке пайда болды. Ал екінші президентіміз тақта отырғанымен билігі жоқ британ королевасын еске түсіреді. Мұндай нәрсе тарихта талай болған. Билікте отырғандардың тарихта қалуға тырысқанына мысалдар жеткілікті. Талай, империя, қалалар, зәулім ескерткіштер мен мазарлар салынған. Бірақ ол империялардың көбі астанасымен бірге жойылды, ескерткіштер құлатылып, зираттары қиратылды. Бірен-саранын ғана айтпағанда, бұл жаһандағы талай билеушінің атын уақыт өшіріп тастады. Біреулердің аты қалса, тек жаулашы ретінде ғана қалды, – дейді сарапшы.

    Пост авторы Қазақстанның болашақ саясаткерлеріне жақсы ескерту жасайды. «Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес» дейді.

    – Ал басқа адамдардың бостандығы мен құқығы үшін күрескендер кейінгі ұрпақтың жадында жақсы адам болып сақталып қалды. Ондайлардың көбі жеңімпаз ретінде тарихта қалғысы келген билеушілердің құрбаны болды. Бірақ өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес екен. Адам мен оның істеген істерінің ең ұлы ескерткіші – ұрпақтың естелігі. Өйткені біреу тарих естелігіне салтанатты қақпадан кірсе, енді біреу ұры сияқты артқы есіктен кіріп алғысы келеді. Қазақстанның болашақ саясаткерлерінің бәрі осыны есінде сақтауы тиіс, – деп аяқталады бұл жазба.

    қатысты посттар

    Эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізбеген Божкоға қатысты Бекболат Тілеухан пікір айтты

    «Бәрі менің кешіріміме байланысты болса…» Ринат Заитов Рысбек Сәрсенбайұлына жауап берді

    Саяси ойынның құрбанына айналған жазықсыз жандар: 180 адамның өлімі кімге тиімді?

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.