-6.1 C
Алматы
Четверг, 19 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Тарих

    «Халқымның кәдесіне жарасам болды» — тарихи фотосуреттегі қыздың кім екені белгілі болды

    Тарихи фотосуреттегі қыз — Анар Рахымжанова

    «Төмендегі тарихи фотосуреттегі қыз табылыпты, тірі екен» деген сүйінші хабарды естігенде жүрегім елжіреп кетті. Сол кездегі бойжеткен Анар Рахымжанова екенін естідім.
    «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей, сол сәтте Үржар ауданындағы бір танысым: «Мынау менің құдашам» деп қалды. Оған кенеше жабысып жүріп, қайсар қыздың телефон нөміріне қол жеткіздім. Жүрегімді толқытқан жан өзіміздің шырайлы Шығыстың қызы, жерлесім болып шықты.
    Қазіргі күні Анар Рахымжанова ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ана, аяулы жар. Сол кездегі солақай жүйенің салдарынан талай арманына балта шабылса да сағы сынбаған.
    «Мұғалім болып, бала тәрбиелеу арманым еді. Желтоқсанға қатысқаным үшін мені жоғары оқу орнына бес жыл көлемінде жолай алмайтындай етіп шешім шығарған болатын. Сағымды бір рет сындырғаннан кейін ары қарай ниетім де болмады. Бастысы халқымның кәдесіне жарасам болды» — деген сөздерінен оның бойынан қазақы қарапайымдылығы аңғарылып тұрды.
    Қалай десек те, қазақ қыздарының бойында әйел баласына тән нәзіктікпен қатар жаудың мысын басатын қайсарлық та бар. Әрине, бұл қасиет, әсіресе ұлттық тәрбиемен сусындап өскен ауылдың қыздарынан аңғарылып тұрады.
    Осы күнге дейін тарихи сурет ерлігі мен өрлігін дәлелдеп келе жатса да, тәуелсіз мемлекетінен еш марапат көрмеген (тіпті, дәметпеген) алтын жүректі апайымызға қарапайым халықтың атынан алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!
    Кенжегүл Тергембаева

    Жазба Зәуре Дәулетованың Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    В Семее с начала года за нарушение правил благоустройства привлечены свыше 1200 горожан

    «Екі министр қызметінен кетті» Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс жасады

    Фариза

    Қызылордада дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.