-1.3 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Педагогтар ант бермейді

    Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

    — Мәжілістегі талқылау кезінде депутаттар мен Білім министрлігі Салалық білім кәсіподағының бастамасын қолдап, заң жобасындағы 5 баптың мазмұны түбейгелі өзгерді. Дәлірек айтсам, «Педагогикалық әдеп және педагогтың анты» деп аталатын баптың «педагогтың анты» деген бөлігі алынып тасталды. Осылайша, аталған баптағы «Педагог лауазымына алғаш тағайындалған адам ант қабылдайды», «Ант мәтінін және педагогтардың оны қабылдау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді» деген нормалар түгел алынып тасталды, — деп жазды білім кәсіподағының басшысы.

    А.Мұқашева заң жобасы Мәжілісте жан-жақты талқыланып, бірқатар баптарға түзетулер енгізілгенін, құжат талқылану үшін әрі қарай Сенатқа жолданғанын хабарлады. Айта кету керек, Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағы заң жобасын жасақтау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Заң жобасын жасақтау кезінде ұстаздардан кәсіподаққа 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен.

    қатысты посттар

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    «Бәрі жақсы болып көрінгені — иллюзия». Маман жасы 60-тан асқан қарияларға үндеу жасады

    Фариза

    Алматыда вакцина салдырғанын айғақтайтын паспорт сатылып жатыр ма – басқарма жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.