-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін

    Мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдату жөніндегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырма бергеніне тура бір ай уақыт өтті. Өткен аптада Мәжіліс отырысында Бас прокуратураның ІІМ-мен бірлесе  жасаған («ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, егер жүргізуші мас күйінде кісі қағып, ол мерт болса, онда кінәлі адам көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деп мәлімдеді. Ал «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сәйкес, мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке, ал көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы 8 жылға дейін ұзартылады. Алайда тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы (НАС) Эдуард Эдоков бұл мәселеде асығыстыққа жол бермей, тиімді шешім қабылдау керек деп есептейді. Бұл туралы сарапшы «Qazaq radiolary» Жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

    «Мас күйінде көлік жүргізіп, адамды қағып өлтірген жүргізушілерді қатаң жазалау керек. Қабылданған шешімдер тиімді болуы үшін жіті сарапталуы тиіс. Сөз күйінде емес, шын мәнінде іске асатын тетіктерді енгізу қажет. Әлемдік тәжірибені мұқият қарастырайық. Мүмкін мұндай қылмысқа он жыл емес, жеті жыл да жетіп қалар. Бәлкім, сол кезде бұл тиімді болар. Жеті жылдан асса, пара беріп құтылады, ал жеті жылдан аз болса, заңды бұзудан тайсалмайды. Біз бүгінде сағатына 80 шақырым жылдамдыққа тыйым салдық, кейін сағатына 60 шақырым енгіздік. Ал кейін қайтадан 80-ге рұқсат еттік. Біресе ала таяқты алып тастаймыз, біресе қайтадан қолданамыз. Осындай келеңсіздіктер қайталанбауы үшін шешім қабылдамас бұрын таразылап алу қажет. Қатаңдатудан бөлек, қандай да бір механизм керек, яғни түсіндіру жұмыстарына ден қою керек. Бұл — міндетті шарт. Әлеуметтәк желілерде, ІІМ-нің сайтында. Бұл өз жемісін береді. Әлеуметтік желілерде елге танымал тұлғалардың аты-жөндері аталып жатса, бұл құзырлы органның тиісті шара қабылдауына ықпал етеді. Олар тәуелсіз заңгерлерді шақырды ма? Заңдық тұрғыдан сауатты қоғам өкілдерін шақырды ма? Көлік жүргізушілерінің пікірімен санасты ма? Жоқ, мұның ешқайсысы ескерілмеді. Президент қатаң тапсырма берді, бір айдан кейін заң жобасы дайындалды, қазір оны бірінші оқылымда мақұлдады. Екіншісінде де, үшіншісінде де солай. Бұл бірінші жағдай емес, әрқашан осылай».

    Эксперттің пікірінше, жазаны тым қатаңдату сыбайлас жемқорлықтың күрт өсуіне әкеп соқтырады.

    «Қазақстанда бірқатар заң қатаң әрі қатал. Бірақ, өкінішке қарай, сол заңдардың орындалып жатқаны шамалы. Елімізде жемқорлықтың өршіп тұрғанын құқық қорғау саласындағы шенеуніктердің өздері де мойындайды. Жаза ауыр болған сайын одан құтылу үшін ақшасын аямайтындар көбейеді. Қазір сізді босату үшін 2-3 мың доллар жетіп жатса, енді ол 5 мың долларға дейін көтеріледі. Ақыл-есі дұрыс адам көлікке мас күйінде отырмайды. Қалтасы қалың, тамыр-танысы көп адамдар ғана мас күйінде көлік жүргізуден қорықпайды. Яғни, жазаны күшейткенмен, ол ештеңені өзгертпейді».

    ІІМ дерегі бойынша биыл 9 айда мас жүргізушілердің қатысуымен республика бойынша 342 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 64 адам көз жұмып, 493-і жарақат алған.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында Ер адам 80 жастағы қарт ананы тірідей өртеп жібермек болды

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Фариза

    4 күн бұрын әкесі қайтыс болған жігіт оның елесін көрді (видео)

    Пікір қалдыру

    19 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.