-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілмек» — Министр

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыл соңына дейін Қазақстанда “жеңілдік алуға құқығы бар” қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Kazaknews.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Оның айтуынша, алдыңғы акция аясында кейбір азаматтардың құжаттары “ресми дерек қорында болмағандықтан” құжаттарын толық әзірлеп үлгермей, жеңілдікке ілінбеген.

    “Екі ай бойы осы жұмысты жасадық. Осылайша 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы жеңілдік алуға құқығы бар адам ретінде белгіледік. Үкіметке ұсыныс жасап, тиісті қаражат бөлу (9,4 миллиард теңге – Б.Н.) үшін әрекет жасадық. Жылдың аяғына дейін қаржылық мәселе шешілсе, осы 57 мың адамның несиесі өтелетін болады” деді Біржан Нұрымбетов.

    Азаттық тілшісінің хабарлауынша, биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңгеге дейін несиесі кешірілді. Оған бюджеттен 106 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бұл акция ресми түрде 5 қыркүйекте аяқталған. Бұған дейін кейбір аймақта тұрғындар “несиесі кешірілуі тиіс” азаматтар санатына жатса да, өздерінің жеңілдікке ілінбегеніне наразы болған.

    Тоқаев жарлығына сәйкес, маусымның 1-іне дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешірілуі тиіс болған.

    қатысты посттар

    «Миға қонбайтын дүниеге пікір білдірудің қажеті жоқ» — Тоқтар Әубәкіров Министр туралы

    «Шетелдік инвестицияларсыз өмір сүре алмаймыз…» — Тоқаев

    «Менің көзімді кұртқың келді ме, жоқ сені тағы сатып алды ма?» Марғұлан Сейсенбай Мұхтар Тайжанның әрекеттерін әшкере қылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.