-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Білім кəсіподағы Қыздар университетінің бір топ қызметкерін медальдармен марапаттады

    Бүгін Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына арналған салнататты шара өтті. Шараға университеттің танымал түлектері мен оқу орнының экс ректорлары, елдегі және шетелдегі ЖОО-ның басшылары, қоғам қайраткерлері мен ұлт зиялылары, сондай ақ Салалық білім және ғылым кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева қатысты.

    Еліміздегі педагог мамандары мен кадрларын даярлайтын бірден бір білім ордасы Қыздар педагогикалық университетінің оқытушылар құрамы Салалық білім және ғылым кәсіподағына мүше. Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева Қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығымен құттықтап, мерейтойға орай оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамына 1 млн 500 мың теңгенің шипажайлық сауықтыру жолдамаларын табыс етті. Сондай-ақ бір топ оқытушыны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» алтын және күміс белгілерімен, Еңбек ардагерлерін кәсіподақтың медальдармен марапаттады.

    Орта Азия аймағындағы бірден-бір тек қыздар оқитын жоғары оқу орнының іргетасы 1944 жылы қаланған. Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясыносы уақыт аралығында 60 мыңнан астам білікті маман бітіріп шыққан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен университетке «Ұлттық» мәртебесі берілді.

    қатысты посттар

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Фариза

    Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған армия ғана кінәлі емес

    Фариза

    Қызылордалық эпидемиологтар ауру ошақтарына жаңа көліктермен баратын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.