-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алдағы жылдың басты жаңалығы — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі

    Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылғалы бері екі жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта қорға қанша қаражат жиналды, қордың жұмысы қалай жүргізіледі, азаматтар медициналық мекемелерге деген арыз-шағымын қалай жеткізеді деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Бұл туралы «Қазақ» радиосының Жаңалықтар қызметіне сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қоры Халықпен жұмыс жөніндегі департамент менеджері Сұлтанова Ақтолқын Ақылбекқызы толығырақ айтып берді.  

    Қор құрылған күннен бері төлем аударушылардан қанша қаражат жиналды?

    МӘМС қорының заңнамасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асты. Қазіргі таңда қорға жиналған қаражаттың жалпы сомасы 224 млрд.теңге (2019 жылдың 31 қазанындағы ақпарат). Қордағы ақша ҚР Ұлттық банкінің есепшотында сақтаулы тұр. Оның 215 млрд теңгесі (96%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

    МӘМС жүйесіне ақша аудару 2020 жылы 1 қаңтардан бастап барлық қызметкерге міндетті болатынын білеміз. Ал, жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дәрігер қабылдауына қалай кіре алады?

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде әрбір азамат өзінің жалақысынан 1 пайыз жарна аударуы тиіс. Егерде азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, жұмыссыз болып, өзін айқындалмаса, өз-өзіне жарна аудармаған жағдайда әлеуметтік медициналық жүйесінде көмек ала алмайды. Бірақ кепілдендірілген медициналық көмекті ешкім шектемейді. Кепілдендірілген медициналық көмек жарна аудармағандарға да көрсетіледі.

    Дербес төлем жасаушылар (самоплательщики) өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіле ме? Қандай деңгейде?

    Егер де дербес төлем жасаушылар өз міндетін орындамаған жағдайда олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек алмайды. Бірақ бұрын айтып өткеніміздей, кепілдендірілген көмекке қол жеткізе алады. Бірақ дербес төлем жасаушыға қандай да бір технологиялық операциялар қажет болса (КТ, МРТ), оның барлығы МӘМС жүйесінде көрсетіледі. Сол себепті әрбір азамат қазірден бастап өзінің статусын тексеріп, 2020 жылға дейін мәселесін шешіп алуы керек.

    Дербес төлем жасаушылар категориясына жататын, бірақ төлем жасамаған, жұқпалы аурумен ауыратындар қайтеді? Олар қоғамға қауіп емес пе?

    Дербес төлем жасаушылар категориясына жататын, бірақ төлем жасамаған жұқпалы аурумен ауыратын адамдар (мыс. туберкулез) кепілдендірілген медициналық көмек аясында емделеді. Бұған қоса оның ауруының қоғамға қауіптілігіне байланысты МӘМС қорының қаржысына да ем-шара алады.

    Сапалы медициналық қызмет ала алмаған жағдайда пациент кімге шағымдана алатынын нақтылап өтсеңіз. 

    Биыл қыркүйек айынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1406 байланыс орталығын іске қосты. Әрбір азамат медициналық қызмет алу барысында өзінің құқығын білуі үшін немесе қандай да бір медициналық мекемеге арыз-шағымы болса, онда 1406 нөміріне хабарласса болады.

    МӘМС жүйесі аясында жеңілдік қарастырылған ба? Кімдерге жеңілдік бар?

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 санатқа жататын азаматтарға Мемлекет МӘМС қорына жарна төлейді. Оларға

    1. балалар
    1. «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері;
    2. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
    3. мүгедектер;
    4. жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
    5. интернатта оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
    6. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін мекемелерде, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі резидентурада күндізгі оқу түрінде оқитын тұлғалар;
    7. бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;
    8. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін әйелдер;
    9. зейнеткерлер;
    10. әскери қызметкерлер;
    11. арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері;
    12. құқық қорғау органы қызметкерлері;
    13. сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар лица, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда;
    14. уақытша ұстау және тергеу изоляторларында жатқан тұлғалар.

    МӘМС артықшылықтары қандай?

     МӘМС жүйесінің негізгі артықшылықтары:

    • медициналық қызметтер сомасының пакеті шектелмеген және төленген жарна мөлшеріне байланысты емес.
    • Сақтандыру пакеті шеңберінде жоғары технологиялы операциялар жасауға болады.
    • Сақтандыру пакеті аурудың алдын алуға бағытталған. Ең бастысы, МӘМС мүшесіне еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтың медициналық мекемені өзі таңдауға құқығы бар.

    Айта кетейік, кепілдендірілген медициналық көмек Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Оған жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер кіреді.

    «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылған жарна туралы ақпарат

    (2017 жылдың 1 шілдесі – 2019 жылдың 31 қазаны)

     

    Облыс/қала атаулары Жұмыс берушілер Жеке кәсіпкерлер
    Қорытынды Қорытынды
    Ақмола облысы         7 422 407 808,74        348 683 693,74
    Ақтөбе облысы       10 046 315 904,00        311 773 028,13
    Алматы  облысы       10 128 878 070,60        632 400 744,90
    Атырау  облысы       14 167 236 765,20        307 248 449,87
    Шығыс Қазақстан  облысы       14 119 990 334,58        650 847 990,16
    Жамбыл  облысы         6 370 384 906,05        178 872 097,34
    Батыс Қазақстан  облысы         6 785 463 909,42        290 057 009,84
    Қарағанды  облысы       17 705 819 152,85        615 196 697,84
    Қызылорда  облысы         6 213 289 081,71        184 020 645,14
    Қостанай  облысы         8 782 734 255,38        456 884 851,94
    Маңғыстау  облысы       11 165 253 725,32        190 418 759,12
    Павлодар  облысы         9 851 647 276,90        313 086 657,24
    Солтүстік Қазақстан  облысы         5 057 487 897,09        253 711 741,02
    Түркістан облысы 11 400 989 088,1        342 202 628,74
    Алматы қаласы       43 734 714 603,81      2 486 726 949,85
    Нұр-Сұлтан қаласы       26 398 352 477,57     1 362 183 795,88
    Шымкент         2 778 930 374,27           35 451 829,30
    қорытынды 215 530 339 423 8 964 737 680
      224 495 077 103

     

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданды

    Фариза

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Алматыдағы Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.