24 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз” “Жабайы Арман” жастарға үндеу жасады (видео)

    Жақында ғана Instagram әлеуметтік желісінде қазақ халқының бірлігі мен батылдығын көрсету мақсатында челлендж бастаған Арман Жұмагелдиев баршаға алғысын білдірді. Қылмыс әлемінде “жабайы Арман” лақап атымен танылған ол қазақ жастарын ынтымақта болуға шақырды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Қазақтарды қар барысы мен сұр қасқырға теңеген “жабайы Арман” өзіне ақ ниетін білдірген жандарға рахмет айтты.

    “Сәлемдерін беріп, “қазақ батыры” деп жатыр. Сендердің ақ ниеттеріңе рахмет! Менің видеомда біздің жастарымыздың басы қосылып, рухы оянса деген мақсат болды”,- деді ол.

    Жұмагелдиев бүгінгі қазақ жастарына қатысты мәселені де қозғады.

    “Қазір қаншама қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз болып кетті. Соның барлығын жойып, намысшыл халық болайық.

    Жастарымыз есірткіге отырса, қыздарымыз етегін көтеріп жүрсе, біз халық болмаймыз, жер болмаймыз. Біз ата-бабамыздан қалған қағидаларды, дінімізді ұстанайық.

    Қазақтың ең жаман тұсы – бір-бірімізді сатып келе жатырмыз. 1936-1938 жылдары қанша тұлғалар атылып кетті. Оның жаулары тек қазақтар болды.

    Руға, жүзге бөлінбейік. Бір болайық. Ата-бабаларымыз сияқты бүкіл әлемге өзімізді танытып, қазақ екенімізді білдірейік. Сол мақсатпен жүрейік”,– деп түйіндеді қылмыс әлемінің серкесі.

    қатысты посттар

    Берік Уәли елімізге Әкелер күнін енгізуді ұсынды

    Фариза

    “Кабинетке кірсем, іш-киіммен отыр” Алматы облысында медбикелер басшысының ерсі әрекетін айтып, арызданды

    Фариза

    Гаухар Әлімбекова үшін халықтан жиналған ақша қайда кетті?

    Пікір қалдыру

    sixteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.