16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз» «Жабайы Арман» жастарға үндеу жасады (видео)

    Жақында ғана Instagram әлеуметтік желісінде қазақ халқының бірлігі мен батылдығын көрсету мақсатында челлендж бастаған Арман Жұмагелдиев баршаға алғысын білдірді. Қылмыс әлемінде «жабайы Арман» лақап атымен танылған ол қазақ жастарын ынтымақта болуға шақырды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Қазақтарды қар барысы мен сұр қасқырға теңеген «жабайы Арман» өзіне ақ ниетін білдірген жандарға рахмет айтты.

    «Сәлемдерін беріп, «қазақ батыры» деп жатыр. Сендердің ақ ниеттеріңе рахмет! Менің видеомда біздің жастарымыздың басы қосылып, рухы оянса деген мақсат болды»,- деді ол.

    Жұмагелдиев бүгінгі қазақ жастарына қатысты мәселені де қозғады.

    «Қазір қаншама қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз болып кетті. Соның барлығын жойып, намысшыл халық болайық.

    Жастарымыз есірткіге отырса, қыздарымыз етегін көтеріп жүрсе, біз халық болмаймыз, жер болмаймыз. Біз ата-бабамыздан қалған қағидаларды, дінімізді ұстанайық.

    Қазақтың ең жаман тұсы — бір-бірімізді сатып келе жатырмыз. 1936-1938 жылдары қанша тұлғалар атылып кетті. Оның жаулары тек қазақтар болды.

    Руға, жүзге бөлінбейік. Бір болайық. Ата-бабаларымыз сияқты бүкіл әлемге өзімізді танытып, қазақ екенімізді білдірейік. Сол мақсатпен жүрейік»,— деп түйіндеді қылмыс әлемінің серкесі.

    қатысты посттар

    «Тука ән салып жүр»: Түркістан облысында аста-төк той жасағандар желіде әшкере болды

    Фариза

    Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

    «Үлгі аларлық челлендж» Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.