4 C
Алматы
Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Меруерт Түсіпбаева үйсіз қазақтарды «суырдан төмен» санаған кәсіпкерге шүйлікті

    Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева үйсіз қазақтарды «суырдан төмен» санайтынын атқан бизнес-тренер Ахметбек Нұрсилаға наразылығын жеткізді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы әншінің өзі Facebook парақшасында жазды.

    «Бүгін қонақта отырсам, сыпсың етіп Фариза деген қыз хабарласып, осы кісінің тренингіне шақырды. «Тренингке барып, уақытымды босқа жұмсайтын ақымақ емеспін. Сау болыңыз» дедім.

    Қадалған жерден қан алардай, кенеше жабысып, whatsapp-қа жазыпты. Осы кісі өткізеді екен. Бармаймын. Блокка салдым да, ет жеп отыра бердім.

    Қыста Астанада жанып кеткен бес қыздың (иманды болсын) ата-анасы жалқау ма? Түні бойы жұмыс істеп жүрсе де, бір үйге қолы жетпегендіктен, осындай жағдайға душар болды емес пе?

    Бір танысым бар, қызметі бар, отбасымен үй жалдап тұрады. Өйткені, қара-шаңырақты ата-анасының үйін жөндеп жатыр. Өз басым көп уақыт «обычкада» тұрдым. Өйткені, анама, туыстарыма жәрдемдестім.

    Үйі болмаса — ол адам емес, суырлар құрлы жоқ деу — ақымақтық. Мотивациясының түрін. Мұндай адамнан не үйренуге болады? Кім бұл? Танымайды екенмін, мұндай «ғұламаның» барын бірінші рет естуім», -деді Түсіпбаева.

    Сондай-ақ, отандық әнші кәсіпкердің аяғы аспаннан салбырап түссе де, халықтан кешірім сұрау қажет екенін жеткізді.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ахметбек Нұрсила «Алматы» арнасында Асхат Садырбай жүргізетін «Не істейміз?» бағдарламасына сұхбат беріп, үй-күйі жоқ қазақтарды суырларға теңеген болатын.

    қатысты посттар

    «Адамдыққа жатпайды»: Алсудың отбасы «Голос.Дети» шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді

    «Мұзды өлке 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартады

    «Неге сіз әншілердің шаруасына араласасыз?» Мейрамбек Беспаев депутат Балиеваның қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.