Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жезқазғанда ұстаз мәртебесіне қатысты мәселелер талқыланды

    19-20 қарашада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, төрайымы А.Мұқашева мен Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Е.Тоғжанов бастаған жұмыс тобы құрамыменЖезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды.

    Салалық кәсіподақ өкілдері жұмыс бағдарламасына сәйкес Кәсіподақтың Жезқазған аумақтық ұйымының белсенділерімен семинар-кеңесін өткізді. Жиынды 23 мыңнан астам мүшесі бар Жезқазған аумақтық ұйымының төрағасы М.Қоңырбаев ашты. Өңірде білім және ғылым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын, сондай-ақ кәсіптік мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мәселесі де оң шешімін табуда.  

         

    А.Мұқашева «XIV съезд жұмыстарының қорытындылары мен съезд шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының бірінші кезектегі міндеттері туралы» сөйлеген сөзінде салалық кәсіподақтың қызметі мен съезде қозғалған мәселелерге кеңірек тоқталды. Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыты бойынша ХІІІ съезден кейінгі, яғни 2015-2019 ж.ж. кезең ішіндегі атқарылған шаруалардан нақты мәліметтер келтірілді.  

    Семинарға қатысушыларға ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеуге салалық кәсіподақ өкілдерінің белсенді қатысқаны, сондай-ақ педагогтардың әлеуметтік мүдделерін қорғау аясында ұстаз мәртебесі мен беделін арттыруға қатысты өз ұстанымын білдіргені айтылды. Құжатты қарастыруға ҚР Парламенті Мәжілісінің Жұмыс тобына қатысқаны туралы атап өтілді.

    Р.Қыдырбаева білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік орнату мәселесін көтерді.

    Семинарға қатысушылар – кәсіподақ активі, мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қызығушылық танытып, кәсіподақ өкілдеріне өңірдегі сала мамандарын толғандырған сауалдарды жолдап, өзекті мәселелеріне жауап алды. Семинар ортақ мүдделер тоғысында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

    Бұл күні ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Е.Тоғжанов Салалық кәсіподақтар өкілдерімен Жезқазған Бизнес және көлік колледжі студенттері мен ұстаздар ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында кәсіптік одақтар ұстаз еңбегіне мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып жатқаны туралы сөз болды. Қоғамдағы педагог мәртебесінің артуы мен нығаюының басты көрсеткіші ҚР Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген ҚР «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасының әзірленуіне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы белсенді атсалысқаны айтылды.

    А.Мұқашева жиынға қатысушылар алдында салалық кәсіподақ қызметін жан-жақты таныстырды.

    Бүгін 20 қарашада Жезқазған жанындағы киелі мекендерге тәу етіп, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен кездесу жоспарланып отыр.

    қатысты посттар

    Қарқынды алма бағының қарқыны жоғары

    Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

    Фариза

    Жамбылда 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.