-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Мұндай төмен жалақы жоқ» — Көп балалы аналар мемлекеттен алған жәрдемақыларын қайтаруға мәжбүр

    Өтеуі бар көмек! Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген атыраулық көп балалы аналардың бірсыпырасы мемлекеттен алған ақшасын кері қайтаруға мәжбүр. Бұған кейбір отбасылардың кедейшіліктен шыққандығы немесе жасырын табыстарының анықталғандығы себеп болған. Осыған байланысты әлеуметтік мекеме өкілдері көп балалы аналардан көмектен өз еркімен бас тарту жөнінде арыз жазып берулерін талап ете бастапты. Оған көнбегендері бүгін әкімдікте айқай шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    Аналар атаулы әлеуметтік көмектен бас тарт деген әкімдік талабына наразы. «Айлар бойы алып келген көмек не үшін тоқтайды?» деп шулайды. Сөзіне е сенсек, шетінен шақырып, әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тарт деп талап қойыпты. Ал көп балалы отбасылар бұл шешіммен келіспейді.

    «Бәрін тапсырдым. Екі үйдің құжатын тапсырдым. Енді кеше мына Хабиева шақыртты, келдім, алдына басыңда екі үй бар екен, мен саған бермеймін, бас тарт дейді. «Жазбаймын» дедім. «Онда мен сенің үйіңе прокуратурамен барып үйіңді қарап, түгел ақшаңды қайтарып алам» деп айтты», – дейді көп балалы ана Бақытгүл Досназарова.

    Ал көп балалы аналардың енді бір шоғырының алты айдан бері әлеуметтік көмек атаулыға мүлде қолдары жетпей жүр. Барлық талапқа сай болсақ та, қаржыдан қағылудамыз деп ашынады.

    «Бес балам бар. Соңғым төрт айлық, үлкенім 13те. Бізге 21 мың теңге келмей отыр. Неге екенін түсіне алмадық. Жолдасым құжаттарды сәуірден бастап тапсырды. Онымен бізге тиесілі емес деп айтты», – дейді көп балалы ана Бақыт Жайнекенова.

    Әлеуметтік мекеме қызметкерлері «тұрғындар заңсыз құжат жасап алған» дейді. Өйткені жалақы көлемі туралы анықталамардың көпшілігі тұп-тура 42 мың теңгеге жасалған. Ал мұнайлы өлкеде мұндай төмен жалақы жоқ екен. Және де өзге құжаттардың заңдылығы да күмән тудырыпты. Сондықтан кезінде асығыс қабылданған құжаттарға қайтадан тексеру шаралары жүргізілмек. Сонымен қатар енді атаулы әлеуметтік көмек төлеу тетіктеріне де өзгерістер енгізіледі.

    «Отбасында еңбекке жарамды адамдар жоқ болса, оларға алты айға төлейміз. Ал шартты дегеніміз, отбасындағы еңбекке жарамды адамды жұмысқа тарта отырып төлейміз. Егер де ол адам біздің тартқан жұмысқа бармаса, біз ол адамнан атаулы көмекті тиямыз да, қалған балаларына төлей береміз қазірге. Ал келесі жылдан бастап АӘК заңына сәйкес, егер біздің ұсынған жұмысқа бармайтын болса, еңбекке жарамды атаана онда толық отбасы АӘК алу құқығынан айырылады», – деді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Хамидолла.

    Осылайша әлеуметтік сала қызметкерлері енді шын мәніндегі мұқтаждық пен масылдықтың ара-жігін анықтап алмақ. Ал атаулы көмек тағайындау осыған дейінгідей  бір жылға емес, тоқсан сайын бақыланып отырады. Тек Атырау қаласы бойынша үш мыңға жуық тұрғын АӘК алады. Оның бес жүзге жуығы заңсыз алған ақшасын қайтаруы тиіс. Оосы күнге дейін 69 отбасы 14 млн теңге қайтарған. Ал қалғандарына алты айға дейін мүмкіндік беріліп отыр. Егер осы мерзім ішінде толық төлеп құтылмаса, сот арқылы мәжбүрлеп қайтарылады

    қатысты посттар

    Әскер қатары жас мамандармен толығуда

    Фариза

    Конституцияға түбегейлі сипаттағы өзгерістер енгізуге бастама көтердім — Тоқаев

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Қармақшыда балалар кітапханасының жаңа ғимараты салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.