Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Назарбаевқа бюджеттен 330 миллион теңге бөлінбек

    Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға 330 миллион доллар бөлінеді. Бұл жөнінде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zhasalash.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Оның сөзінше, Қазақстан бұған дейін Ресеймен «Бәйтерек» зымыран кешенін бірлесіп жасауға уағдаласқан. Осыған байланысқы бюджеттен 330 миллион доллар бөлінбек. Әзірге жобаның қашан басталатыны белгісіз.

    Бұдан бөлек, Мамин Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагаринский старт» кешенін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған бағдарлама жасалып жатқанын жеткізді.

    Айта кететін бір жайт, қыркүйек айында Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» кешенін «Назарбаев» деп өзгертуге ұсыныс жасаған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев қабыл алған. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей тарапының бастамасымен болашақта «Гагаринский старт» кешеніне де «Назарбаев» аты беріледі.

    қатысты посттар

    Біздің елдің басшылары сауда орталықтарымен алысып жатқанда, басқа елдер мешіттерін жауып жатыр

    Фариза

    Алматыда «Oyan, Qazaqstan!» белсендісін үйінен полицияға әкеткен

    Фариза

    Путинге өмір бойы қылмыстық жауапкершіліктен құтқаратын мәртебе не үшін керек?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.