4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Баспанасыз қазақтарды адам деп санамаймын — Ахметбек Нұрсила (видео)

    Үйі жоқ адамдарды жануарлардан да төмен көретін «Бизнес бастау» шеберлік мектебінің жетекшісі ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazweek.kz  ақпараттық агенттігі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап. 

    Бизнесменнің сұқбаты «Не дейміз» бағдарламасында шықты.

    «Жақсы өмірге қол жеткізу үшін адам шынайы сондай өмірді сүю керек. Әр адамның бойында алапат күш-қуат бар. Мен үнемі айтамын, суырда да ін бар.

    Сол себепті кез келген адамның өз баспанасы болуы тиіс. Астында бір көлігі болуы тиіс. Не ішемін, не жеймін деген проблемаларды мүлде алып тастау керек. Сондықтан осындай өмір бар екеніне сену керек. Осындай өмірді сүю керек.

    Суырда азғантай ғана ақыл бар. Соның өзінде біреудің ініне барып, бір түн түнеп шығайыншы, жалға ала тұрайыншы деген суырды көрмедім.

    Мен Тарбағатайданмын, суырлы мекеннен. Ол жерде сеп-семіз суыр өз інінде бала-шағасымен тұрып жатыр.

    Ал адам баласы суырдан ақылды ғой. Баспанаң болуы тиіс. Сен 30 жасқа келгенде өз баспанаң болмаса, суырдан күнің төмен деген нәрсе.

    Адамда намыс болуы тиіс. Адамда ақыл-ой мен сана бар. Бірақ, бізді құртатын жалқаулық» , – деді Ахметбек Нұрсила.

    қатысты посттар

    Алматыда жазасын өтеушілердің камереларына теледидар қойылды

    Фариза

    «Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған» Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    Фариза

    Халал мен харамды ажырата білесіз бе?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.