-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Луговая» — Түрксіб, «Зыряновск» — Алтай болып өзгертілмек

    Үкімет Қаулысымен осы уақытқа дейін 85  темір жол бекетінің атауы қазақшаға ауысқан. Дәлірек айтсақ, 15 стансаға жаңа атау берілсе, қалған 70 темір жол бекетінің транскрипциясы  өзгертілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің баспасөз хатшысы Дархан Кәрібаевтың сөзінше  2020 жылы  республикалық ономастикалық комиссия шешімімен тағы 71 теміржол стансасының атауы мен транскрипциясы  өзгертіледі, — деп хабарлайды «Қазақ радиосының» Жаңалықтар қызметі.

    «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бойынша 834 теміржол стансасы жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының кейбір темір жол стансаларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 85 теміржол стансасының атаулары және олардың транскрипциясы өзгертілді. Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін тағы 71 теміржол станса атауларын және олардың транскрипциясын өзгерту жоспарлануда»,- деді Дархан Кәрібаев.

    Көп жағдайда теміржол бекеттерінің атауын өзгеру туралы ұсыныстарды  ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, бекет басшылары мен темір жол саласының ардагерлері  жолдайды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  АҚ менеджері  Светлана  Горобец атап өтті.

    «2018 жылы теміржол саласының  ардагерлері  Жамбыл облысындағы «Луговая»  теміржол  бекетін — Түрксіб,  «Весна» бекетін – Ақжолтай», ал Шығыс Қазақстан өңіріндегі «Зыряновскті»  — Алтай  стансасы деп  өзгертуді ұсынды. Біріншісі әлемге әйгілі Түркістан – Сібір теміржолының құрылысына байланысты тарихи оқиғаларға негізделіп өзгертілсе, Әулиеата өңіріндегі «Весна»  бекеті  — өңірден шыққан Ағыбай батырдың есімімен аталатын болды. Себебі батырдың жорықтарда жолы болып, үнемі жеңіспен оралатындықтан оны ел «Ақжолтай» атап кеткен екен. Ал  «Зыряновск»  теміржол бекеті  Алтай  ауданының маңында орналасқандықтан  —  «Алтай»   бекеті болып өзгертіледі»,-дейді С. Горобец.

    Көп кешікпей жаңа станса атаулары ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі деп жоспарланған.

    қатысты посттар

    Елордадағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек

    Анна Водонаева: Балам Қазақстанға, айдалаға, кетті

    Сыр өнімдері шетел нарығына жөнелтілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.