4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Үндістан мен Қытай арасында соғыс: Кім жеңеді?

    Үндістан мен Қытайдың арасында шешілмеген шекаралық дау мен аймақтық тартыс бар. Бұл жайында  Qazweek.kz  ақпарат агенттігі Bugin.kz порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Осының кесіріне 1962 жылы екі елдің арасында соғыс өрті тұтанып, Мао бастаған қытай тарапы жеңіп кеткен еді. 

    Алайда ол уақыт пен қазіргі кезең мүлде бөлек. Қытай — экономикасы қарқынды дамыған елдің бірі. Ал Үндістан — сол қарқыннан қалғысы келмейтін ірі ел. Егер екі ел тағы да соғысса, әскери сарапшылар жеңіс Делидің қанжығасында дейді. Оған бірнеше себеп бар:

    1. Қару-жарақты сатып алу бойынша Үндістанда артықшылық бар. Қытайға әскери қару сату жағынан Ресей ашық нарық болғанымен, Мәскеу бұл елге қуатты технологияны бермеуге тырысады. Ал Үндістан АҚШ, Ресей және НАТО елдерінен еш кедергісіз қару алып келеді. Соғыс жағдайында Қытай өз қаруына сенім артса, Үндістан қуатты Батыс елдерінің қаруын иемденбек. Бұл ірі шайқастардың тарихын шешпек.

    2. Демографиялық тұрғыдан екі елдің де әлеуеті қуатты болғанымен, Қытайдың екі кемшілігі бар. Қытай ұзақ жылдар бойы «бір отбасы-бір бала» принципін ұстанып келді. Сәйкесінше Қытайда ұл балалардың саны көп. Ал Қытай қарттары көп ел саналады. Демек отбасылық тұрғыдан қарапайым халық жалғыз ұлдарын соғысқа жіберуге қарсы болып, әскерді жұмылдыруда кедергі болады. Ал қартайған халқы соғыста қауқар таныта алмайды. Үндістанда керісінше жастардың саны көп және әскери мобилизацияға дайын. Бұл да ірі соғыста адами ресурсты қолдануда сеп болмақ.

    3. Өзге елдердің қолдауы жағынан Қытайдың кемшілігі көп. Әлем елдері Қытайдың экспансиясынан сескенеді, сәйкесінше Үндістанды жақтайды.

    Осылайша әскери сарапшылар Үндістан Қытаймен соғысса жеңіске жетеріне сенімді.

    қатысты посттар

    «Маған көмек беріңіздерші, өлетін халге жеттім“ 4 балам үшін өмір сүргім келеді деген науқасқа Асқар Тұңғышбаев қалай жәрдемдесті?

    Фариза

    «Халықтың көпшілігі тақыр кедей, жоқшылықтан көз ашпайды» — депутаттар дабыл қағуда

    Кеңес Рақышевтің елден қашқаны рас па?

    Пікір қалдыру

    nineteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.