-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Халықтың қуанышы қайғыға айналды» — Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болып жатыр

    2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Алайда уақыт өте келе халықтың қуанышынан қайғысы басым түсті

    Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген.

    Тіпті олардың арасында жастар да бар. Халық  бұған іргелес жатқан алтын өндірісін кінәлайды. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде 20 ауыл тұрғыны бақилық болды, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

    2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Бұқара қосымша жұмыс орындарының пайда болатынына сеніп, ауылдың көркеюін күткен еді. Алайда уақыт өте келе халықтың қуанышынан қайғысы басым түсті. Қазір мұндағы әрбір тұрғын кен орнының жабылуын қалайтын көрінеді.

    Тілектес Есжанов алтын өндірісінде бір кезде жұмыс істеген. Күнде карьердің топырақ сараптамасын алып, құрамындағы алтынның үлесін анықтау оның тікелей қызметі болды. Бірақ, араға бірнеше ай салып, денсаулығы нашарлағанын байқаған соң, жұмысты тастауға тура келген. Айтуынша, ешуақытта ауырмаған ағасы да, алтын өндірісінде істеп жүріп, сырқаттанып, артынша қайтыс болған.

    «Карьерге барсам, басым ауырып, қан қысымым көтеріледі. Осындағы дәрігерлер жұмысқа жіберген жоқ. Қысым – 160-170. Зертханаға сынамаларды әкелеміз. Сасып тұрады. Шаң. Зиян ғой. Содан жұмыстан шығып кеттім. Міне, бір жыл бұрын туған ағам қайтты», — дейді Бұлақ ауылының тұрғыны Тілектес Есжанов.Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 1 жарым жылда аталған кәсіпорында жұмыс істеген 7 адам бақилық болған. Осыдан шошыған кейбір отбасылар туған жерін тастап, қоныс аударып кетіп жатыр. Қазір ауылда шамамен 800 адам қалған.

    «5 жыл бұрын бізге жиналыс ашып, экологиялық мәселе жоқ, ештеңе болмайды, өзіміз үш ай сайын тексереміз деген. Салдары міне – сонда жұмыс істеген жас жігіттер бұл дүниеден өтіп кетті. Экологиядан, онкологиялық аурудан десек, олар мойнына алмайды», — деп түсіндірді тағы бір ауыл тұрғыны Қадыржан Шопанаев.

    Ал Нұридден Едірисов есімді тұрғынның айтуынша, құйған балшықтың үстіне төгіліп жатқан ционидтің иісі өте зиян көрінеді.

    «Жастар бірінен соң бірі қырыққа жетпей қайтып жатыр», — деп ашынды ол.Кен орнындағы жағдайды жіті байқауға күзетшілер кедергі болды. Компания басшылығымен тілдесудің де сәті түспеді. Жергілікті атқамінерлер соңғы жылдары бұл маңайда өлім көбейгенін растады. Айтуларынша, бұған радиация ғана кінәлі емес.

    «Бұлақ ауылдық округі бойынша жыл басынан бері 10 адам қайтып кетті. Оның ішінде обырдан бір адам бақилық болды. Жалпы, бұл ауылдың халқы қартайып барады. Сондықтан өлім-жітім көбейіп отыр. Ал сараптама қорытындысына сәйкес, су, топырақ пен ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты нормадан аспайды», — дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Тұтқышев.

    Дейтұрғанмен, облыстық онкологияның дерегі басқа. Алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өтіпті. Бірақ оның себебіне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ.

    қатысты посттар

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Нұр-Сұлтанда гей жігітті зорлап, бопсалау арқылы 3 миллион талап еткен жігітердің қылмысы әшкере болды

    Фариза

    Мойындалған — » Халық қаһармандары»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.