5 C
Алматы
Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеонға жерленер едім

    Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы  «қария» сөзінің қолданылуы қате деген пікір білдірді. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Жүз жасаңыз! Бір-екі сұрағым қалды…», — дегені сол, оның сөзін бөліп:

    «Жүз жас дегенді құптамаймын. Мен өз басым «қария», «шал», «ақсақал» дегенге өте қарсымын. Мысалы, ақсақал деп сексен жастағыны айтады. Әбдіжәміл Нұрпейісов 95-ке келгендігін тойлап жатыр. Неге оны қария деп кемсітеді? Ел ағасы, абыз деп неге айтпайды? Әлі күнге дейін шығармасын жазады, бізге тапсырмасын береді. Абыз деп айтсын», — дейді Мұхамедиұлы.

    Сондай-ақ, бағдарлама тілшісі одан: «Жалпы, сіз абыз болғанда, Астанадағы Пантеонға, Алматыдағы Кеңсайға, әлде, Түркістан қаласында жерленер ме едіңіз?», — деп сұрады.

    «Мен айтайын, Пантеон міндетті түрде керек. Пантеонға жерленер едім», — деді Мұхамедиұлы.

    қатысты посттар

    Қыздардан құралған арнайы жасақ митингіге шыққан адамдарды «нәзіктікпен» ұстап алып кете ме?

    «Ринат, сен өтірік айтпа! Халықты Храпуновпен алдама!» (видео)

    200 мың айлық ұсынамыз, бірақ жұмыс істейтіндер жоқ – вице-министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.