26.8 C
Алматы
Воскресенье, 18 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Тоқаев өзінің күйеу баласын жоғары лауазымды қызметке тағайындады

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің күйеу баласы Теміртай Ізбастинді Қазақстанның Болгариядағы елшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    «Мемлекет басшысының жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды» делінген Ақорданың хабарламасында.

    Азаттық Радиосының жазуынша, Теміртай Ізбастин — Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі. Ол 2009 жылы Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалған. Дипломатия саласында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 2013 жылы Kapital.kz сайты Тоқаевтың ұлы Тимур және Ізбастиннің ұлы Мұхамед Атырау облысында шикізат игерумен айналысатын «Аби Петролеум Кэпитал» мұнай компаниясының құрылтайшылары екенін жазған.

    Президент Тоқаев Қазақстанның тағы да басқа елдердегі елшілерін де ауыстырды.

    Ақорданың хабарлауынша, Шахрат Нұрышевтің орнына Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып Ғабит Қойшыбаев тағайындалған. 47 жастағы Қойшыбаев бұған дейін президент әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыс бөлімі жетекшісінің орынбасары болған.

    Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Латвиядағы елшісі болып Тимур Пірімбетов тағайындалды.

    қатысты посттар

    Алматыда арнайы жасақ «Демпартия» жақтастарын қоршады, орталық алаңда интернет өшті

    Фариза

    Бас прокуратура ҚДТ ұйымының заңсыз митингілеріне қатысты ескерту жасады

    Фариза

    «Қазақтар қысым көріп жатыр» деген ақпарат жалған — Қытай елшісі

    Пікір қалдыру

    four + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.