-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енді жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар көбірек ынталандырылатынын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агентігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Агенттіктің алқа мәжілісінде таратылған мәліметке сәйкес, бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген адамдарды ынталандыру тетігі бар. Алдағы уақытта оны дифференциалды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады. Мәселен, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 процентін сыйақы ретінде беру ұсынылды. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады.

    Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл жүйені енгізу үшін үкіметтің арнайы қаулысы қажет.

    «Біз сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір тиісті үкімет қаулысын әзірлеп жатырмыз», — деп атап өтті Шпекбаев.

    Оның мәліметінше, соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың басым бөлігі — 75 проценті мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Бұл маңызды бір мәселенің көрінісі болса керек. Бүгінде осы топтағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен. Сол себепті олар пара алып, жемқорлыққа әуестенеді. Дамыған мемлекеттер бұл мәселені жалақыны көтеру жолымен шешкен.

    «Осы орайда халық арасында тарап кеткен «басшылар параны ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар қажеттілік пен басқа жол болмағаннан алады» деген сөзбен келісуге болады», — дейді Алик Шпекбаев.

    қатысты посттар

    Тоқаев тарихи әділдікті қалпына келтірмекші: Қуғын-сүргін құрбандары ақталмақ

    Фариза

    «Мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі» — саясаттанушы

    «3 күн уақыт беріңіздер…» — Даниал Ахметов Зайсан тұрғындарымен кездесті

    Пікір қалдыру

    one × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.