Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Атакенттегі 23 миллион тенгелік тиін жаңа бейнеде қайта салынбақ

    Мегаполис тұрғындары «әйгілі» ескерткішті жаңа бейнеде көретін болады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Тиіннің авторы Алекс Ринслер бір жыл бұрын өз туындысымен қазақстандықтарды таң қалдырған болатын. Енді арт-нысанның бірнеше бейнесі болады деп күтілуде.

    Алматы және Ұлыбритания суретшілері Жаңа жыл қарсаңында тиінің жаңа нұсқасын ұсынбақшы. Бұл жоспарларын олар жеке кәсіпкерлердің көмегі арқылы жүзеге асырмақ.

    Сонымен, қала тұрғындарының назарына нысанның 5 креативті нұсқасы ұсынылды. Көпшілік дауысымен ақ алма бейнеленген түрлі түсті жолақты граффитимен безендірілген тыйын көш бастап тұр.

    «Әлеуметтік желідегі қала тұрғындары жаңа жылдық, мерекелік көңіл-күй беруімізді сұрады. Алайда, біз бұл орын баршаның сүйікті демалыс орнынан айналғанын қалаймыз. Тиіннің дизайнын халық өзі таңдайды, ал біз оны жүзеге асырамыз», — деді Funk креативті агенттіктің өкілдері.

    қатысты посттар

    Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды

    Фариза

    Kaspi.kz өкілдері мобильді төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап берді

    Фариза

    Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.