-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Мына жер ұнайды…» — белгілі актер Қадырбек Демесін қарттар үйінде тұрып жатыр ма?

    Күні кеше қазақстандық киноиндустрияның қоржыны тағы бір тың туындымен толықты. «МногоДЕДный» деп аталатын картинада қарттар үйін мекендеген егде жастағылардың күйбең тірлігі суреттеледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Комедия жанрындағы аталған кинолентада басты рөлдердің бірін сомдаған – Қадырбек Демесін. Азулы актер өзіне жүктелген образға ену үшін, тағдыр тәлкегіне түскен қарияларлардың жай-күйімен жақынырақ танысып қайтыпты.

    «Өзім тұратын жақта «Қарттар үйі» бар. Арасында таныс адамдар бар. Араласып, кездесу жасап тұрамыз. Сонда біраз сұхбаттасамыз, әңгімелесеміз. Енді біз актер болғанан кейін ескертіп айтпаймыз. Сырттай бақылап отырамыз. Ішкі жан-дүниесі қалай болады? Бәрібір маған мына жер ұнайды дегенімен, бірақ ішінде ураган соғып жатады. Іздейді, өмірде жалғыздық қиын болады. Мың жерден ол жерді мақтасын, психологиялық жағынан бәрібір қиын. Соны ашуға тырыстық», – дейді «Тамаша» ойын-сауық отауының актеры Қадырбек Демесін.

    Жүрек тебірентер комедияны таспаға тартқан – Жеңісхан Момышев. Режиссер жаңа жобасы арқылы нартәуелкелге бел буғанын айтады.

    «Бірінші болып бастап жатқаннан кейін, бәрі Жеңісхан не істеп жатыр деп ойлап жатыр. Неге мұны түсіріп жатыр деп. Өйткені, таза комедия болса білесіз. Алдында «Бизнес по-казахскиді» түсірдім. Мен түсіре алатынымды дәлелдедім. Ал, әлеуметтік тақырыпты қосып, ой қосу – ол басқа кино», – дейді картинаның режиссеры Жеңісхан Момышев.

    Ал, қоғамдағы түйткілді мәселені үлкен экран арқылы дүйім жұртқа ұсынған ұжымның еңбегін тұсаукесерге келген көрермендер жоғары бағалаған.

    «Фильмнің соңында статистика шықты ғой. Қазақ азаматтары үшін өте ауыр статистика. Себебі, қазақта әке-шешесін қарттар үйіне тапсыру деген жоқ. Сондықтан, бұл кино қазіргі жастар үшін, біз үшін өте үлкен сабақ деп есептеймін», – дейді Қуат «Найман» Хамитов.

    «Қазіргі өмірде ондай жайттар көп кездесіп жатыр ғой. Соған қарсы Жеңісхан бауырымыз өте керемет түсірген. Ойландыратын кино десек болады», – дейді кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров.

    қатысты посттар

    Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

    Фариза

    2020 жылға арналған Ораза кестесі. Пітір садақаның мөлшері қанша?

    Фариза

    «Әблязов пен Қосанов еркек болса, елден кешірім сұрасын…» — Ринат Заитов

    Пікір қалдыру

    thirteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.