-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Өзімді тоқтата алмадым» Педофил 3 рет жасаған қылмысынан кейін қамаудан мерзімінен бұрын шыққан

    1993 жылы оны алғаш рет жасөспірім қызды зорлағаны үшін ұстаған болатын. Алайда осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар екені дәлелденбеді. Артынан ол тағы екі кішкентай қызды зорлап кетті

    Павлодарлық Владислав Чернецов жасөспірім қыздарды зорлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Соған қарамастан, өзінің психологиялық ауруын жеңе алмады. Соңғы рет бес жасар Аняға қорлық көрсеткеннен кейін полиция ұстамаса, тоқтай алмайтынын ашық айтты. Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасай отырып, қылмыстық материалдарға сүйеніп, қала тұрғындарының зәресін ұшырған педофилдің қалай құрықталғанын баяндайды.

    Маньяк қолға қалай түсті?

    2016 жылы әлеуметтік желілерде жұрттың жағасын ұстатқан видео тарады. Ер адам бес жасар қызды ұстап алып, көпқабатты үйдің кіреберісіне күштеп кіргізген. Кішкентай қыз қарсылық білдірсе де, ештеңе істей алмады. Оны аулада жүрген көршілердің біреуі кездейсоқ жазып алған. Артынан полицияға ғана көрсетті. Бірақ ол видео халық арасында тез таралып кетті. Бес жасар Аняның анасы құқық қорғау органдарына арыз түсіргеннен кейін педофилдің кішкентай қызды зорлап кеткені белгілі болды.

    Павлодарда «балаларды зорлайтын маньяк көшені кезіп жүр» деген сыбыс айналған бірнеше сағаттың ішінде таралды. Жұрт дүрлігіп кетті, халық қатты үрейлене бастады. Қала тұрғындары балаларын далаға шығармай қойды, шығарса да, жалғыз өздерін жіберген жоқ. Полицейлер қылмыскерді жылдам құрықтауға барын салды.

    Құқық қорғаушылар алдымен осы сияқты қылмыс үшін сотталғандарды тексеріп шықты. Сөйтсе, жақында ғана түрмеден Владислав Чернецов шыққан. Ол жасөспірім қыздарды зорлағаны үшін үш рет сотталған болатын. Тергеушілер оның бет-әлпетін видеода жүрген ер адаммен салыстырып көрді. Ұқсастық 100 процент болып шықты.

    «Педофил деп атамаңыз»

    Тергеу шаралары кезінде бес жасар Аня куәгер бола алмады. Психикасына қатты зақым келгені сонша, полицейлер сұрақ қойғанда жылай берді, жылай берді.

    Ал Чернецов жұмыс орнында ұсталды. Бұған дейін бес рет сотталғаннан кейін оны көп жерде жұмысқа қабылдамады. Содан жергілікті зиратқа бақылаушы болып қызметке кірген. Сол жерде отырғанда полицейлер келді. Чернецов сақшылардың не үшін келгенін бірден түсінді. Ондайда күдіктіге туған-туыстарына хабар беруге құқық беріледі. Ол ағасына хабарласып, кешке қарай үйге келмейтінін айтты.

    Полиция бөлімшесінде ер адам ештеңе жасырған жоқ. Сол күні қылмысты қалай жасағанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Өз сөзінде кішкентай қызды қатты аяйтынын да жеткізді. Тергеушілердің біреуі оның әңгімесіне шыдай алмай: «Нақұрыс неме, педофил!», — деп ашуланып кетті. Осы кезде Чернецов өз ренішін жеткізіп, «Мені «педофил» деп атамаңыз» деген екен.

    Педофилдің кішкентай қызды сүйреп алып кеткені туралы видео қалай тез тараса, оның ұсталғаны жайында хабар да дәл солай қала тұрғындары арасында жылдам тарап кетті. Халықтың ашуы қатты болды. Қылмыскерді оқиға орнына апарып, дерек алғанда күзетшілердің санын арттыруға тура келді. Адамдар өз қолымен жазасын беруге дайын еді. Тергеу изоляторында да Чернецов жалғыз адамның камерасында отырды. Себебі қамалғандар арасында ондай қылмыскердің аман қалуы екіталай.

    Өмір – түрме

    Чернецовтың қылмыстық жолы сонау кеңес заманында басталған. 19 жасында алғаш рет бұзақылық үшін істі болып, бес жылға сотталды. Алайда екі жылдан кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Сөйтіп, бостандыққа шықты. Дегенмен, бір жылдан кейін ұрлық жасап, тағы түрмеге түсті. Ал 80-жылдары бостандыққа шыққаннан кейін қатты өзгерді. Дәл сол кезде ол кішкентай қыздарға құмар екенін сезген.

    1993 жылы Чернецов алғаш рет жасөспірім қызға қорлық көрсеткені үшін қолға түсті. Тергеушілер оның кінәсін дәлелдеді. Педофилдің басқа да қылмыстарды жасады деген күдік болған. Ол бес жылға қамалды. Алайда екі жарым жылдан кейін бостандыққа шықты.

    1998 жылы Чернецов мектеп оқушысын зорлап кетті. Бұл жолы он жылға сотталды. Ал жеті жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылды. 2005 жылы педофил қайтадан зорлау фактісі бойынша ұсталды. Сот 12 жыл берді. Чернецов бұл жолы да мерзім аяқталғанға дейін отырған жоқ.

    Полициядан шығып, қылмыс жасаған

    Тергеу эксперименті кезінде Чернецов соңғы қылмысын қалай жасағанын тәптіштеп айтты. Оқиға орнында бәрін көрсетіп берді. Оның айтуынша, кішкентай Аня барынша қарсылық көрсетті. Алайда еш нәрсе істей алмады.

    Сол күні педофил учаскелік полиция инспекторында болып, мерзімінен бұрын босатылған адам ретінде ай сайынғы тіркеуден өткен болатын. Сөйтіп, қайтар жолда аулада ойнап жүрген бес жасар Аняны байқаған. Оның жанында ешкім болмады. Ал үлкен апасы Надежда басқа балалармен ойнап жүрген. Чернецов осы мүмкіндікті пайдаланып, кішкентай қызды көпқабатты үйдің кіреберісіне сүйреп алып барған.

    Ер адамның Аняны күштеп алып кеткенін балалар көріп қалған. Олар бірден үлкен апасына айтты. Надежда үйіне жүгіріп, анасын көмекке шақырған. Алайда полицейлер оқиға орнына жеткенше қылмыскер қызды зорлап, ізін жасырған.

    Жауап алу кезінде Чернецов тек сексуалдық құмарлығын ғана қанағаттандырғысы келгенін жеткізді.

    «Мен іштей полицейлер ұстап тоқтатса екен деп тілеп жүрдім. Өйткені табиғатқа қайшы құмарлығымды, өзімді тоқтата алмадым», — деді Чернецов.

    Сотта кішкентай Аняның ата-анасы педофилді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті. Сот оны 21 жылға түрмеге қамады. Сондай-ақ, Чернецовты педофилдердің республикалық базасына енгізді. Бұған дейін қылмыскер ол тізімде болмаған.

    қатысты посттар

    «Жиырмаға жуық факті тіркелген» Адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталған дәрігердің ісіне байланысты министр мәлімдеме жасады

    Фариза

    «Іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен…» — ескі гараждардың бірінен 4 жасар қыздың мәйіті табылды

    Баласын құтқару үшін көліктің астына ұмтылған ананың ерлігі (видео)

    Пікір қалдыру

    six − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.