-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Қытайлар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ» Қытайларды сабаған қазақтар неге қамауда отыр?

    Бүгін Алматыдағы Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның баспасөз орталығында, Алматы облысы Қызылағаш елді мекені маңында болған қытай жұмысшылары мен қазақ жігіттері арасындағы қақтығыс себебінен 5 қазақ азаматының қамауға алынуына байланысты баспасөз мәслихаты болды. Алматы қаласының «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық ұйымы өткізген бұл жиында Қызылағаш оқиғасы кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Adyrna.kz порталына сілтеме жасап.

    Баспасөз конференциясының спикерлері: Рысбек Сәрсенбай, Ырысбек Тоқтасын, Оңалбаев Әсет және күдікті жігіттердің адвокаты Ләззәт Ахатова болды.

    Көтерілген мәселе мына сұрақтардың төңірегінде өрбіді.
    1. Бір қазақ жігітін соққыға жыққан 4 қытай азаматтары әкімшілік құқық бұзу кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша жеңіл жазамен құтылып кетеді де әділдеттілік іздеген 5 Қазақстан азаматтары екі бірдей ауыр баптармен тұтқындалып қамауға алынады НЕГЕ???
    2. Шет елдік компанияларда НЕГЕ шет ел азаматтары заңсыз жұмыс атқарады???
    3. Өз аумағында жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар жұмысын НЕГЕ жергілікті атқарушы билік бақылауға алмайды.
    4. Полиция, прокуратура, ҰҚК қайда қарап отырды???

    Бірінші болып сөз алған Рысбек Сәрсенбайұлы бұл мәселеде қазақтар да, қытайлар да кінәлі емес, бірінші кінәні ұйымдастырушы компаниядан іздеу керек екенін айтты.

    «Өз азаматтарының құқығын қорғай алмаған мемлекеттік органдар да кінәлі. Жергілікті қазақтардың жалақысының төмендігі, азық-түліктің сапасыздығы осы жағдайға әкелді. Тамақтың сапасыздығына ашуланған ҚХР азаматтары аспаздарға айқайлаған. Қытай азаматтары бір қазақты жабылып, күрекпен ұрған. Қазақтың намысын, мемлекеттің намысын даулап шыққан бес қазақ қытайлықтар отырған автобусты қуып барып, соққыға жығады. Қазақты ұрған қытайлар әкімшілік жазаға ғана тартылып, 10 күн қамаудан кейін депортацияланады екен де, дәл солай қытайларды ұрған қазақтардың үстінен 3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалады. Тексеру барысында 68 ҚХР азаматтары заңсыз жұмыс істеген. Компания басшылары жұмысты тез аяқтау мақсатында оларға көзжұмбайлықпен қараған. Бұл жігіттерді босату үшін қоғам болып президентке, Елбасына талап қою керек! Жігіттерді шығару үшін үлкен көлемде кепіл сұрап жатыр екен, мен өзімнің үйім мен машинамды бір жігітке кепілге қоямын» деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

    Әсет Оңалбаев қытайлықтардың төбелесті өздері бастағандарын, өз жерінде, өз елінде таяқ жегенге намыстанған жігіттердің қытайлықтарды орнына қойғанын айтты. «Компанияда жұмыс істейтін қытайлықтар жергілікті қазақтардың ар-намысына тиген. Дәл солар жүргізетін трактор мен машинаны жергілікті қазақтар да жүргізе алады. Қаншама қазақ жұмыссыз жүр. Талдықорғанға барып, жағдаймен таныстық. Қазір қамаудағы жігіттер не туыстарымен кездесе алмай отыр, не сәлем-сауқат ала-алмай отыр. Біз президентке хат жолдап жатырмыз. Осы мәселені оң шешілуіне» деді.

    Ырысбек Тоқтасын «Қытай компанияларын Қазақстанға әкелу, қытайлармен жұмыс жасау біздің Үкіметтің бас ауруына айналды. Бұл даудың басы ғана. 55 зауыт кіргіземіз деп жатыр ғой. Олар кірмей жатып осындай дау-дамай болып жатыр. Олар кірсе не болады? Ол жерде қытайлар бір миллионға дейін жалақы алса, қазақтар 100-150 мың ғана алады екен. Бұлар қытайлықтарды заңсыз кіргізу арқылы мемлекетке түсетін табыс салығынан да қағып отыр. Бұл мәселені президент бақылауына алу керек. Бұл жерден үлкен жемқорлықтың иісі шығады» деп мәлімдеді.

    Адвокат Ләззәт Ахатова «Менің қорғауымдағы бес жігітке ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 2 тармағының 3 бөлімімен және 106, 107 баптарымен іс қозғалып тұр. Өте ауыр баптар. Жәбірленушілерге ауыр дене жарақатын салып, қару қолданып, күш көрсету деген айып тағылып отыр. Бірақ жігіттер маған құр қол болғандарын керісінше, қаруды қытайлар қолданғанын айтты.  Қазақтармен төбелескен қытайлардың автобусынан арматуралар шыққан. Ал жергілікті жігіттер құр қол болған.   Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдарында жүрген қытайлық жұмысшылар қазақтың қыздарына жөнсіз тиісіп, бұзақылық жасап, жасөспірім балаларға әлімжеттік жасап сабап кету, қазақтар көкпар тартып жатса «казахи бараны» деп айқайлап, дүкеншілерді балағаттап ауыл тұрғындарының наразылығын туғызған. Қытайлар жабылып қазақтың қызын зорлаған деген ақпарат бар. Бірақ, нақты ақпарат емес. Анықтау керек. Қыздың туыстары болса қыздың тағдырын, болашағын ойлап, білесіздер ғой қазақтың менталитетін ойлап, қазақбайшылықпен жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырған. Тиісті орындарға шағымдануға қорқып отыр. Біз бұл жағдайды анықтай аламыз ба? Туыстары рұқсат бере ма, бермей ма, біз білмейміз.

    Міне, осы жағдайларға шыдамаған бес жігіт автобусты қуып барып, 42 қытайды сабаған. Қытайлар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Ал, куәгерлер автобустың шопыры да қазақ. Куәгер полициялар да қазақ». Жігіттерді қорғап жатқан Ләззіт Ахатова осылай деді.

    Бізді таң қалдырғаны ауыр дене жарақатын алған қытайлықтардың неге тез депортацияланатыны? Ауыр дене жарақаты дегеніміз ауруханада 2-3 апта жату емес пе? Бұл істе түсініксіз детальдар көп. Ал, бүгінгі жиынды ұйымдастырушылар бұл іске барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерді бірігіп  әрекет етуге шақырды.

    қатысты посттар

    Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз — Тоқаев

    Фариза

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    Мұхтар Шаханов: «… қышып, алаңға неге бардыңдар?» — Мейірхан Ақдәулетұлының Желтоқсанға қатысты шындығы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.