-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қостанайда қос жасөспірім қыз елудегі әйелді сабап өлтірген

    Қостанайда 17 және 14 жастағы жасөспірімдер егде тартқан әйелді соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған 51 жастағы қала тұрғыны ауруханада қаза тапты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  «Астана» телеарнасы -на сілтеме жасап.

    Телерананың мәліметінше, оқиға екі ай бұрын шаһардағы «Строитель» шағын ауданында болған. Көп қабатты үйдің ауласында екі бойжеткен егде жастағы әйелді өлімші етіп сабап тастаған. Ауыр соққы алған келіншек ауруханада көз жұмған.

    Тұрғындардың сөзінше, жасөспірімдер бұған дейін көп қабатты үйлердің кіре-берісінде желім иіскеп желігіп, көптің көзіне түскен екен.

    Күдікті қыздардың қай мектепте оқығаны белгісіз. Екі қызға қатысты қозғалған қылмыстық істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралмақ.

    «Қылмыстық іс Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың қарауында. Күдіктілер ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы 3 бөлімі, яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталып отыр», — деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.

    қатысты посттар

    «10 минут бұрын ғана маған хабарласқан еді…» Батутта көз жұмған баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

    +997 телефон коды, экс-министрдің өкпесі және Мусин басқаратын министрліктің жауабы

    Фариза

    Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.