Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Таразда педофил кәмелетке толмаған қызды зорлап, ұрлық жасаған

    Жамбыл облысының орталығында кәмелетке толмаған қызын қорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев Facebookжелісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tarazy.kz сайтының дерегіне сүйеніп,

    Ағымдағы жылдың 18 қазанында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 39 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 17 қазан күні өзінің таныс адамының кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандығы, сондай-ақ «Thomson» маркалы теледидарын ұрлап кеткендігі туралы айтқан.

    Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі және 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

    Қазіргі уақытта күдікті анықталып, полиция қызметкерлерімен 36 жастағы ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

    Істің толық мән-жайы ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

    қатысты посттар

    Қостанай әуежайының маңында мұздатылған қан табылды (фото 18+)

    Фариза

    «Қолымнан келгені осы болды…» — қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу кезінде жұрттың жағасын ұстатты

    Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.