-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Адамның басын кесіп, фотоға түскен» Сириядан елге қайтарылған 14 қазақстандықтың жантүршігерлік қылмыстары әшкере болды

    Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген

    Астанада «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор олардың кейбірінің жантүршігерлік қылмысын жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Суд над обвиняемыми в терроризме
    Прокурор террористік ұйымның мүшелері төрт адамның басын кесіп алғанын айтты

     

    Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың ішінде Газинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров террористік сипаттағы роликтер түсірген, тіпті, адамның басын кесіп, фотоға түскен.

    «ДАИШ халықаралық террористік ұйымының содырлары жергілікті үкімет әскерімен болған соғыста жеңіске жеткендіктен, террористік топ мүшелері – Жансеңгіров пен Бақытжанов ұялы телефонның камерасын пайдаланып, бейнеролик түсірген», — деді Мұрат.

    Ол роликте содыр Бақытжанов өздерінің аз адам шығынымен жеңіске жеткендерін мақтан тұтып, жауды ешқандай бекініс құтқара алмайтынын айтқан. Содан кейін әскери киімде өліп жатқан адамдарды қарумен нұсқап, оны кәпір деп атап, Аллахтың қалауымен оқ тиіп өлді деген.

    Сараптама аталған роликте діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау бегілерін анықтады.

    Суд над обвиняемыми в терроризме
    Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы

     

    «Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ террористік ұйымының мүшелері төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында қала көшелерінің біріне жеті тәулікке тастап қойған», — деп атап көрсетті прокурор.

    Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген.

    «Террористік топ мүшесі Жансеңгіров осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен», — деп жалғастырды Еділ Мұрат.

    Оның айтуынша, сараптама кезінде фотосуреттегі адам 1986 жылы Ақмола облысында туған Аманжол Жансеңгіров екені расталған.

    қатысты посттар

    Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды

    Фариза

    Назарбаев: Мысалы менің үш қызым бар, неге Қазақстанды әйел басқара алмайды? (видео)

    Шығыс Қазақстан облысында 12 сантиметр қар жауды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.