11 C
Алматы
Вторник, 19 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Өскемендегі СИЗО-ға алып кеткен» Қытайдан шекара бұзып келген екі қазаққа сот қамауға алу туралы шешім шығарды

    Қытайдан қашып келген Қастер мен Мұрагер қазір қандай күйде? Бұл жөнінде адвокат Ләззат Ахатова баяндайды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Зайсанда болып жатқан «қызықтарға» келсек, Бауыржан Азанов әріптесіміз бізге хабарлағанда, қамауға алғаннан кейінгі бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сот отырысы 21-ші қазанға тағайындалды деген. Алайда, өзінің бір ісі шығып қалып, Астанаға ұшып кеткенін естіген соң, аяқ астынан билет алып, мен келгем ғой. Қасымда «Ата жұрт» ұйымының қазіргі басшысы — Бекзат мырза, Мұрагердің туған әпкесі (елге 2016 жылы күйеуімен көшіп келген) Нұргүл, туыс әпкесі Күнсұлу бар. Келсек, сот кеше 20.10. күні өтіп кеткен..Мемлекет тарапынан ұсынылған қорғаушыны қатыстырып, сот Қастер мен Мұрагерді екі айға қамауға шешім шығарып жіберген..

    Басынан бастайын:
    Таңертең қонақүйден шығып бара жатсақ, бір кісі өзін аудандық ішкі саясат басқармасының басшысымын деп таныстырып, бізді өзімен бірге жүруді өтінді. Қайда барамыз деген сұраққа «аудан әкімінің орынбасарына»- деген жауап алдық. Шилібаев Қамбар деген кісінің қабылдауына кірдік. «Сіздерді келді деп естіп, амандасайын деп едік»,- дейді. Шақырып алып, амандасқанды да көрдік. Біз сотқа бару керек едік десек, «сот болмайды, кеше өтіп кетті ғой»,- дейді. Төбемізден жай түскендей боп, бізді шақырған себебін сұрасақ, «тыныштық сақтаған дұрыс қой, енді ол жігіттер қылмыс жасап, шекара бұзып отыр»,- ғой дейді. Әңгіменің түп-төркінін түсініп, рахметімізді айтып, уақытты оздырмай, аудандық сот төрағасына кірдік. Жаңағы тектес әңгіме ғой, ол кісінікі де. «48 сағат ішінде санкция беру керек екенін білесіз ғой, кеше кешкі 8-де заңмен белгіленген уақыт бітетін болған соң, түсте қарап жібердік»,- деді Нияз Хасенбаев мырза. Онда неге 21-не болады деген хабарлама таратқан? «Қорғаушысына 20-сы күні деп айтқанбыз, келмеді. Содан кейін басқа адвокат қатыстырып, өткізіп жібердік»,- деді.  «Шекараны бұзып өту — орта дәрежедегі қылмыс боп саналады, ал сотқа дейін қамау бұлтартпау шарасы ауыр қылмыс жасағандарға қолданылады емес пе? Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға болар еді. Кепілге шығаруға болар еді»- деп сұрадық. «Бұл ерекше мән-жайға жатады»- деген жауап алдық. «Онда екі жігіт қайда жатыр, барып жолығайық»,- десек, таңғы 4 30-да екеуін Өскемендегі СИЗО-ға алып кеткен екен»- дейді. Сонша шақырым жол жүріп келгенде алдымыздан осындай «тосын сый» дайындап қойған екен. Зайсанда кәдімгі қыс. Ызғары өңменіңнен өтеді. Далада қар. Жол тайғақта, күн суықта таңғы 4:30-дан дірдектеп, біздің келгенімізді естіп тұрып, Қастер мен Мұрагерді Өскеменге алып кету соншалықты маңызды ма еді?..

    Жігіттерді екі айға қамау туралы сот қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы облыстық сотқа жазылған жеке шағымды сотқа тапсырып, (апкелляциялық алқаға істі дайындап, жіберу үшін сот актісі шығарылған сотқа тапсырылады) түстен кейін қайтадан Өскеменге жолға шықтық. Ендігі мақсат — ертең СИЗО-ға барып, Қастер мен Мұрагермен жолығу.

    Ләззат Ахатова Facebook парақшасынан

    қатысты посттар

    «Қытайлар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ» Қытайларды сабаған қазақтар неге қамауда отыр?

    Фариза

    Еуропарламент депутаттары Президенттікке үміткер Дания Еспаеваны құттықтады

    Жергілікті қазақтар «Басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дұңғандар алып қойды, өткізбейді» деп шағым айтты

    Пікір қалдыру

    17 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.