-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Қазақстанға келгенше, Үрімжіге барып тұрғаным артық…» — қазақ қызы Шұғыла

    Қытайда туып-өскен биші Шұғыла Сапарғалиқызы кезінде Қазақстаннан Қытайды артық көргенін жасырмады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі stan.kz порталына сілтеме жасап.

    «Шынын айту керек, менде ондай ой болған жоқ. Өйткені мен тиіттейімнен сол жақта туып-өстім. Маған Қазақстан деген бөтен дүние болды. Ол кезде оқып жүрдік, бала болдық, жас болдық. Арманымыз басқа болды. Мен сол мемлекеттің астанасы Пекин қаласында білім алып жүрдім. Сол жерде жұмысқа қалып, Еуропа мен Америка секілді дамыған мемлекеттерге шығуым керек болды. Жетістіктерге қол жеткізуім керек дегендей. Жастық кезімде атақты биші болғым келді. Ал «Қазақстанға барамын, елге ораламын» деген болған емес», — деп шынын айтты биші Шұғыла Сапарғалиқызы.

    Ол Қазақстанға алғаш рет 1996 жылдың көктемінде келген. Жаркенттің кеденінен өтіп келген кезде отанының өзіне аса ыстық болып көрінбегенін жеткізді.

    «Шынымды айтсам, бұл жерге келген кезде шошып кеттім. Пекинде 22 жастағы қызбын. Ал мына жақта Қазақстанның жаңадан егемендік алған уақыты: жарықтың бәрін сөндіріп қоятын, ал жолдың бәрі шұңқыр-мұңқыр. Маған керемет дөрекі, ерсі болып көрінді. Қазақстанға келіп мында өмір сүргенше, Пекиннен Үрімжіге барып, сол жақта тұрғаным артық деп ойладым. Өзіме сондай сөз айттым. Шынында ол кезде заман сондай еді», — деді Шұғыла Сапарғалиқызы.

    қатысты посттар

    «Адамдыққа жатпайды»: Алсудың отбасы «Голос.Дети» шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді

    «Асылып өлгенім артық…» — қарттар үйіндегі қарияның жанайқайы

    VII ғасыр бұрын коронавирус хадисте «ақ өлім» деп көрсетілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.